Семейде мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және жолын кесу мақсатында Семей қаласының мониторингтік топтарымен ( құрамында полиция және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері ) күн сайын карантиндік нормалардың және ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының бұзушылықтарын анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар күнделікті өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы Семей қаласының Семей қаласының ТКҚҚББ қызметкерлері Әкімшілік кодекстің 425 бабының 1 бөлімі бойынша хаттамалар толтырып, тіркелген 3заң бұзушылық фактісіне айыппұл салынды. Осылайша, 26 қарашада Би-Боранбай көшесі, 43 мекен-жайында орналасқан «Меркурий» (Серікбол) мейрамханасының иесіне отбасылық мерекелік іс-шара (қыз ұзату) өткізгені үшін айыппұл салынды. Сонымен бірге, үйінде салтанатты шара өткізген 1967 жылғы және №6 қоғамдық көлікте медициналық маскасыз болған 1994 жылғы қала тұрғындарына айыппұл салынды.
Айыппұлдың жалпы сомасы 402 810 теңгені құрайды.
