Мазмұнға өту

Жаңа

Рухани келісім — тұрақтылық пен игіліктің негізі

Бүгінде қоғамымыздың рухани келісімде күн кешуі — ел саясатының маңызды бағыттарының бірі. Елбасы мен Президент тапсырмасы негізінде толық тұрақтылыққа жету үшін мемлекетте бірқатар тындырымды тірліктер де атқарылуда. Осы игі миссияны арқалап, бүгінгі жиында қаламыздағы рухани келісім ахуалы туралы сөз болды. Жиынға қатысқан партия белсенділері тақырып аясында маңызды мәселелерді талқылады.

0
0
174

"Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асуды

Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыруды көздеген бағдарлама бүгінде бірқатар нәтижелер көрсетіп келеді. Дегенмен, түйткілді мәселелер де жоқ емес.

Осы орайда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық мәслихат депутаты Ғани Молдабекұлы Ахметбаевтың қатысуымен партия фракциясы жанындағы комиссияның онлайн-отырысы өтті. Жиында мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асу динамикасы зерделеніп, алдағы уақытқа жоспарлары талқыланды.

0
0
154

Наурызбек Серікұлы: Ел тірегі Елбасы!

@jasotan_mangystau төрағасы Н.С.Мағдатов пен жастар қанатының волонтері Ж.Исахан @mangystautv.kz телеарнасының "Орта толсын" бағдарламасында қонақта болды.

"Қазақ елінің тарихы, егемендігі туралы сөз қозғалса Елбасының да аты міндетті түрде айтылады. Елбасының көрегенді саясаты, болашақты жоспарлауы, қиын сәтте елді алға сүйреп, бүгінде дамыған елдердің қатарына қосуы - бұл ерен еңбектің көрінісі" деді төраға Н.Мағдатов ⠀ "Биыл волонтерлер жылы. Осы жылда волонтерлер үшін мемлекет тарапынан бастамалар басталды. Волонтерлік енді еңбек кітапшасына жазылады. Бұл мен сияқты көптеген волонтерлер үшін қуанышты жаңалық болды" дейді волонтер Исахан Жәнібек. ⠀ Бағдарламаға қатысқан конақтар көрермендерді мерекемен құттықтады. #NurOtan #Jasotan #JasOtanMangystau

0
0
164

«Табысты мансап» тақырыбында кездесу өтті

NEET (Not in Education, Employment, or Training – оқымайды, жұмыс істемейді, қайта даярлаудан өтпейтін) санатына жататын жастар арасында «Сәтті мансап» тақырыбы қозғалды.Жалпы қазір NEET санатындағы немесе оқымайтын, біліктілігін көтермейтін және жұмыс істемейтін жастардың үлесі неғұрлым кең ауқымда – 15-28 жас аралығын қамтиды. NEET санатындағы жастардың ішіндегі көбісі үй шаруашылығын жүргізу, отбасы мүшелерін күту себебінен жұмыс істемейтін жастар, оның ішінде жас аналар да бар. Кейбір азаматтар мен азаматшалар – денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейді, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алатындар да бар.Айта кету керек, 2018 жылы 18-29 жас аралығындағы NEET жастарын жұмыспен қамту және әлеуметтендіру бойынша Жол картасы қабылданған болатын. Олар: кәсіптік бағдарлау, кәсіби оқыту, жұмыспе…

0
0
130

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні!

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні! #BIRINSHI

Елбасы – татулығымыздың, береке - бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі.

Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы - жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Бүгін “Nur Otan”партиясы аудандық филалында “Ұлт Көшбасшысы” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.Аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері Б.Хамитова мен Ж.Молдағалиева “Елін сүйген ,Елі сүйген” Елбасымыздың бастамасымен қабылданған Қазақстан-2050 стратегиясы, Нұрлы жол бағдарламасы, 100 нақты қадам ұлт жоспары туралы шолу жүргізді.Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болсын.#NurOtan #Елбасы #көрме

0
0
137

Тұңғыш Президент күніне байланысты жаңа мүшелерімен толығып,партия билеттері тапсырылды

“Nur Otan”партиясының қатары толықты. #BIRINSHI

Бүгін “Nur Otan” партиясы қатары Тұңғыш Президент күніне байланысты жаңа мүшелерімен толығып,партия билеттері тапсырылды.”Nur Otan”партиясының негізін қалаушы-Елбасының басшылығымен Қазақстан халқы экономикасы серпінді дамыған қарымды қоғам және демократиялық мемлекет құрды.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ірі саяси тұлға ретінде тарихта қалатыны сөзсіз. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлы азғана уақыт ішінде елімізді эконимкалық дамудың сара жолына түскен, бейбітшілік пен татулық салтанат құрған мемлекетке айналдыра білді.

Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін!#NurOtan #партиямүшелері

0
0
111

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды.

Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді. Сонымен қатар ҚХА мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын, және дамуын қамтамасыз етеді.

https://assembly.kz/ank/obshchaya-informatsiya/deyatelnost/

0
0
187