Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан"

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясаты, даналығы мен көрегендігінің арқасында үлкен жетістіктерді бағындырғанымыз ақиқат. Елбасының ерлігін, Тәуелсіздікке қол жеткізгендігін, бейбіт елдің тыныштығы үшін нағыз күрескер болғандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде: "Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан" деген болатын. Расында да сан жылдар ата-бабамыздың қанымен, білектің күшімен, найзаның ұшымен келген қасиетті Тәуелсіздігімізді қастерлеу, сақтау азаматтық борышымыз! Елде тыныштық болса, береке-бірлік болады. Елде татулық болса, халықтың жүгі жеңілдейді. Мен Тәуелсіз елдің болашағына сенемін! Елдігім мен еркіндігіме бас иемін. Біз Алаш арыстарының ұрпағымыз! Біз кешегі Мағжан сенген жастармыз! Дамудың даңғыл жолын әр жас, әр адам өзінен бастаса, ертеңге еш күмән болмайды.

Тұңғыш Президент күнімен! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын деп тілеймін!

#BIRINSHI

0
0
152

Осы тақырып бойынша

"Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол Тәуелсіз Қазақстан" - Yvision.kz