Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы баяндалды
Жиын барысында жыл басынан бері партиялық жауапкершілікке тартылған мүшелер туралы баяндалды. Сонымен қатар, партияның Жарғысы мен Әдеп кодексін әрбір партия мүшесі ұстануы қажет екені ескертілді.
Бұған қоса, «Nur Otan» партиясының 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының іске асыру барысы туралы баяндалып, отырысқа қатысушылар тарапынан пікірлер айтылды.
