Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы

Бағдарламасының іске асыру барысы туралы» zoom платформасы арқылы кездесуі өтті. Кездесуде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту, жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті, білім мен тәрбиені қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың пайда болу алғышарттарын азайту, партиялық және қоғамдық бақылауды күшейту, жергілікті өзін-өзі басқару өкілеттілігін кеңейту,сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қоғамның белсене қатысуынсыз, жемқорлыққа қарсы жаппай қозғалыссыз нәтижелі түрде жүзеге аса алмайтындығын түсіндіру.Себебі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты іс-қимыл жауапкершілігі мемлекетке ғана емес, қоғам мен әрбір азаматтың да жүгі десекте болады. Мемлекет пен қоғамның өзара сенімі мен ынтымағы ғана жемқорлыққа ойдағыдай қарсы тұруға жол ашады.

Сонымен бірге әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс. Сондықтан, бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Сондықтан да, нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруының негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс. Тек таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне айналуы тиісі туралы партиялық бақлау комиссиясының мүшелері айтып өтіп іс-шараны аяқтады.

0
0
119

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы - Yvision.kz