"Nur Otan" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы
«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалынының мәжіліс залында партияішілік іріктеу – сайлау ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті. Отырысқа Маңғыстау облыстық филиал төрағасының орынбасары З.Есбергенова, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев, қалалық ұйымдастыру комитеті мен есеп комиссиясының және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Отырыстың күн тәртібі бойынша облыстық филиал төрағасының орынбасары З. Есбергенова «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізудің ережесі мен міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері туралы, Сайлау өткізу барысында үгіт-насихат жүргізудің практикалық нұсқаулығы және Сайлау өткізу барысында үгіт-насихат жүргізудің Жадынамасы туралы мәселелерді жан-жақты түсіндіріп өтті. Жиын соңында ұйымдастыру комитетімен есеп комиссиясына алдағы өткізілетін сайлауды практикалық нұсқаулықтың және жадынаманың талаптарын сақтай отырып өткізуді тапсырды.
