Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық аурухананың дәрігері Сырлан Кенжеев азаматтарға коронавирус бойынша жиналыс өткізді.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы ғимаратында аудандық аурухананың дәрігері Сырлан Кенжеев азаматтарға

коронавирус пен өкпе қабынуының алдын алу және емдеу бағытындағы жұмыстар бойынша жиналыс өткізді.

Ондағы мақсат – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықпен тікелей байланыс орнату тапсырмасын жүзеге асыра отырып, жұртшылыққа бүгінгі ахуалды баяндау болатын.

Жиында Сырлан Кенжеев мәлімдеме жасап, аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жиналысты "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат жүргізіп отырды.

Аудан тұрғындары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде және жұмыссыздыққа, денсаулықтарына байланысты көкейлеріндегі сауалдарға жауап алды.

0
0
203

Осы тақырып бойынша

Аудандық аурухананың дәрігері Сырлан Кенжеев азаматтарға коронавирус бойынша жиналыс өткізді. - Yvision.kz