"Тәуелсіздік -тұғырым" дөңгелек үстел
09.11.2020 күні "Тәуелсіздік -тұғырым" атты дөңгелек үстел өтті.
09.11.2020 күні "Тәуелсіздік -тұғырым" атты дөңгелек үстел өтті.
Осыдан 23 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақстанның астанасы болып жарияланды ⠀ Елбасының 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. ⠀ Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. ⠀ 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. ⠀ 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. ⠀ 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. ⠀
Аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар "Nur Otan" партиясы Т.Рысқұлов ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Тереңөзек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.



2020 жылғы 11 желтоқсан күні «NurOtan» партиясы Жаңаарқа аудандық филиалының белсенді жастары өз жұмысын бастады.
Бүгін партия ғимаратында «Jac Otan» жастар қанаты белсенділерінің кездесуі өтіп, арнайы агитациялық парақшаларды Жаңаарқа ауданының аумағында орналастыру жұмысы ұйымдастырылды.

2020 жылғы 11 желтоқсан күні «NurOtan» партиясы Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті. Партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен жиынға филиал жанынан құрылған штаб мүшелері, партиялық тізімге енген кандидаттар, партиялық бақылау комиссиясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналыс барысында Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабының төрағасы Ө.Уалиев штаб тарапынан саулаудың агитациялық кезеңінде атқарылар жұмыстарға тоқталып, аудан көлемінде жүргізілетін агитациялық кездесулердің кестесін жариялады.
Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы өз жұмысын сайлау жөніндегі заңнамалардың және санитарлық шектеу шараларының талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізетін болады.

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Күршім ауданында «Nur Otan» партиясы филиалы жанынан құрылған аудандық аумақтық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға кандидаттар, белсенді жастар, штаб мүшелері, ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қалелов сайлауалды бағдарламаны, штаб мүшелеріне алдағы жұмыстардың барысын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, №1 Күршім орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Темиргалиева, Күршім аудандық кәсіпкерлер палатасының консультанты Н.Потанина сөз сөйлеп, алдағы саяси науқанға сәттілік тіледі.
Түстен кейін «Nur Otan» партиясының кандидаттары «KSP Steel» ЖШС жұмысшыларымен онлайн режимінде кездесті. Кездесу барысында зауыт жұмысшылары партия мүшелерінен болашақ әлеуметтік нысандары жайында алаңдайтынын жеткізді. - 2021 жылы жаңа Достық шағына уданында балабақша салынады. Саяжай шағын ауданының аумағындағы №21 мектеп кеңейтіледі, - деді қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Михаил Желнов. Михаил Анатольевич салынып жатқан ықшам ауданға қатысты сұрақтарға жауап бергеннен кейін, жиналыс қатысушыларына жұмыс орындарын сақтау және қатаң шектеу шараларынан зардап шеккен кәсіпкерлер қолдау табатыны туралы айтты. Шағын және орта бизнестің тағдырына алаңдайтын Михаил Желновтан айырмашылығы, ««Nur Otan»» партиясынан үміткер Болат Жұмаділов қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтерді. Булат…
Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығында өткен бұл кездесуге мүмкіндігі шектеулі Илья Гуренко мен Иван Матасов келді. Екеуі де үшінші топ мүгедегі. Осыған қарамастан, жұмыс істегілері келеді. Әзірге «екі қолға бір күрек» таппай отыр. Атбасар ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Г.Байтурованың айтуынша, жыл сайын мүмкіндігі шектеулі 49 адамды жұмыспен қамтиды. Оның ішінде 15 адамға арнайы квота белгіленген екен. Биыл бұл жоспар да, берілген квота да орындалған. Дегенмен де, орталық тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытында әлі де жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізіліп, бос жұмыс орындар қарастырылуда. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясының Атбасар аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Нұржан Рахимов партиялық бақылау аясында «Кедергісіз келешек…
«Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер» дейді дана халқымыз. Мәдениет саласының үздігі ретінде осы сөз тіркесін жүрген жерімде жиі айтуға тырысамын. Атбасарлықтардың өнерімен өрге жүзіп, талай биіктерді бағындырғанын жергілікті халық жақсы біледі. Қазақта тағы бір тамаша мақал бар: «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді. Атбасар аудандық мәдениет үйінің сахнасында талай өнерпаз жандардың қанаты қатайып, өнер атты әлемге самғап ұшты.Мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлі жастарды тәрбиелеумен қатар, түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысып, ауданның мерейін өсіріп, мәртебесін арттырып келеді. Көмейіне бұлбұл ұялаған әншілер, мың бұрала майыса билейтін бишілер, түрлі музыка аспаптарында шебер ойнайтын өнерпаздар аудандық мәдениет үйінің сәні десем артық айтпаймын. Аудан көлеміндегі барлық іс-шаралард…