Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлауалды штабының ашылу рәсімі

2020 жылғы 11 желтоқсан күні «NurOtan» партиясы Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті. Партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен жиынға филиал жанынан құрылған штаб мүшелері, партиялық тізімге енген кандидаттар, партиялық бақылау комиссиясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабының төрағасы Ө.Уалиев штаб тарапынан саулаудың агитациялық кезеңінде атқарылар жұмыстарға тоқталып, аудан көлемінде жүргізілетін агитациялық кездесулердің кестесін жариялады.

Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы өз жұмысын сайлау жөніндегі заңнамалардың және санитарлық шектеу шараларының талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізетін болады.

0
0
155

Осы тақырып бойынша

Сайлауалды штабының ашылу рәсімі - Yvision.kz