Сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Күршім ауданында «Nur Otan» партиясы филиалы жанынан құрылған аудандық аумақтық сайлауалды штабының ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға кандидаттар, белсенді жастар, штаб мүшелері, ардагерлер кеңесі, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Қалелов сайлауалды бағдарламаны, штаб мүшелеріне алдағы жұмыстардың барысын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Ақтекенов, №1 Күршім орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Темиргалиева, Күршім аудандық кәсіпкерлер палатасының консультанты Н.Потанина сөз сөйлеп, алдағы саяси науқанға сәттілік тіледі.
