«Nur Otan» партиясының кандидаттары «KSP Steel» ЖШС жұмысшыларымен онлайн режимінде кездесті
Түстен кейін «Nur Otan» партиясының кандидаттары «KSP Steel» ЖШС жұмысшыларымен онлайн режимінде кездесті. Кездесу барысында зауыт жұмысшылары партия мүшелерінен болашақ әлеуметтік нысандары жайында алаңдайтынын жеткізді.
- 2021 жылы жаңа Достық шағына уданында балабақша салынады. Саяжай шағын ауданының аумағындағы №21 мектеп кеңейтіледі, - деді қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Михаил Желнов.
Михаил Анатольевич салынып жатқан ықшам ауданға қатысты сұрақтарға жауап бергеннен кейін, жиналыс қатысушыларына жұмыс орындарын сақтау және қатаң шектеу шараларынан зардап шеккен кәсіпкерлер қолдау табатыны туралы айтты.
Шағын және орта бизнестің тағдырына алаңдайтын Михаил Желновтан айырмашылығы, ««Nur Otan»» партиясынан үміткер Болат Жұмаділов қоршаған ортаны қорғау мәселесін көтерді. Булат Зулхарнайұлы - биология ғылымдарының кандидаты, сондықтан оған экология тақырыбы жақын.
Ол экологиялық мәдениетті насихаттауды қолдайды. Бүгінгі таңда ««Nur Otan»» партиясынан үміткерлер тұрғындармен ашық диалогқа дайын екенін атап өтейік. Сонымен қатар, Елбасы партияның төрағасы ретінде нақты тапсырма берді: партия кандидаттары 20/80 формуласын ұстануы керек, мұнда 80 пайызы сұрақтарға жауап береді. #nurotan #jenimpazbol #tanday2021
