Мазмұнға өту

Жаңа

Сайлауалды штабының алғашқы отырысы

«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы жанынан аудандық сайлауалды штабы өз жұмысын бастап, сонымен қоса филиал ғимаратында қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылу салтанаты өтті.

Штаб құрамында аудан тұрғындары арасында лайықты беделге ие мәдениет, білім, медицина, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бар.

Ашылу салтанатында «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Малика Махауова алғы сөз алып, партия атынан ұсынылған кандидаттарды қолдау бойынша жүзеге асырылатын жұмыстарды атап өтті.  Өз кезегінде сөз алған штаб мүшелері ел мүддесі үшін өткізілгелі тұрған сайлаудың маңыздылығын айта келіп, басталған іске сәттілік тіледі.

0
0
133

Елордада Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Jas Otan»-ның Съезі өтті

Елбасы жастар қанатының мүшелерін «Jas Otan»-ның 20 жылдық мерейтойымен және келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.

– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.

– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.

– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.

– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

#NurOtan #Elbasy #JasOtan

0
0
161

Ойлан, қазақ: Олжас Сулейменов «Аз и Я»

10. Олжас Сулейменов «Аз и Я»

В этой книге Олжас Сулейменов выступает против стереотипов и делает свой анализ письменных памятников славянской и тюркской древности. Он отмечает определенные моменты в «Слове о полку Игореве» и выдвигает гипотезу о том, что памятник древнерусской литературы был написан двуязычным автором — и вторым языком было тюркское наречие.

0
0
518