Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары ауданымызда белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары ауданымызда белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Осындай үгіт насихат тобының ауыл кəсіпкерлерімен кездесуінің бірі бүгін Луговой ауылындағы мəдениет үйінде өтті. Іс шараға аудандық мəслихат депутаттығына үміткелері Бабашева Шарапат ,Ербол Абуталипов жəне Сұлукүл Дəлібаева қатысып, сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Алғашқы сөз кезегін алған аудандық мəслихат депутаттығына үміткер Бабашева Шарапат:" Биылғы сайлау өзінше бір ерекше қарқында өтіп отыр. Бүгінгі кездесу сіздерді сайлауалды бағдарламаның басты тұстарын түсіндіру. Сонымен қатар, кəсіпкерлердің көкейінде жүрген түйткілді мəселерін тыңдап, алдағы кезеңде соның орындалуының оңтайлы жағын қарастыруға ықпал ету. Партия қай кезде де өз бағдарламасын халық игілігі жолында жасап, ұсынады. Осыған орай, алдағы уақытта да біз біріге жұмыс істеп, бірлігімізбен биік асуларды бағындырамыз"- деді. Одан əрі өз ойымен бөліскен аудандық мəслихат депутаттығына кандидат Ербол Абуталипов ауданымызда атқарылып жатқан істерге тоқтала келе, ел сенімі əрқашан жоғары тұратынын алға тартты. Кездесуді кəсіпкер, мəслихат депутаттығына кандидат Сулукуль Дəлібаева ары қарай жалғастырды. Ол кəсіпті ашып жүргізу, ондағы əрбір еңбек адамына жағдай жасау үлкен шаруа. Кəсібіңді дамытып дөңгелету үшін қажырлы да тынымсыз еңбек қажет. Сонау жылдарға қарағанда қазіргі таңда əрине, кəсіпкерлерге қолдау мен көмек көп. Сол қолдауды тек қана тиімді пайдаланып, халық сұранысын арттыруымыз керектігін тілге тиек етті. Іс шара соңында қатысушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.

0
0
119

Осы тақырып бойынша

Сайлауалды үгіт насихат жұмыстары ауданымызда белсенді түрде жүргізіліп жатыр. - Yvision.kz