Мазмұнға өту

Жаңа

Сайлауалды бағдарламасы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жанна Кәдірқызы халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдауға білек сыбана кірісіп кетті.

«Ақниет» сауда үйінің қызметкерлерімен өткен кездесуде партияның Сайлауалды бағдарламасы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сондай-ақ, халық мәселесін тыңдап, «Nur Otan» партиясы оның оң шешім табуына ықпалдасатынын айтты кандидат.

Айта кетейік, биылғы Сайлауалды бағдарламалар халықтың талап-тілектерін толық қамтумен ерекшеленді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев: «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады!» – деп атап өткен болатын.

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

Бізге дауыс бер!

"Есіктен есікке" акциясын өткізді

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық филиалының сенімді өкілдері үйді-үйлерге барып, "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның алғы мақсаттарын, жоспарларын баяндады.

0
0
166

«Nur Otan» партиясы жанынан 11 желтоқсаннан бастап 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде 9 мыңға жуық азаматты қабылдау жоспарланып отыр.Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 385 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 1,2 млн адам жүгінсе, оның ішінде 386 мыңы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.Талдау…

0
0
223

Кадр тапшылығын жоямыз...

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Көкшетау автобус паркі» ЖШС қызметкерлерімен жүздесті. Өздерінің сайлауалды бағдарламасымен бөліскен кандидаттар басты мәселе, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс жағдайын түзеу, денсаулығына көңіл бөлу, жас мамандарға қолдау көрсету екенін алға тартты. Өз кезегінде сұрақтарын қойған мекеме қызметкерлері соңғы уақытта азық-түліктің бағасы қымбаттап кеткенін айтты. Осы мәселеге баса назар аударылса деген тілектерін жеткізді. Жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің басты проблемасы –жас жүргізушілердің жо…

0
0
161

«Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы

«Жаңа буын ірі проблемаларды шеше алатындай болулары, сондай-ақ өзгерген экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімделе білулері тиіс, сондай-ақ олардан ғаламдық трендтерді екі қадам бұрын сезіне отырып, қалыптасқан жағдайларды тиімді түрде пайдалана білу талап етіледі». «Мен сендердің өз елдеріңмен мақтанғандарыңды, оның тарихын жақсы білгендеріңді және алға сеніммен қарағандарыңды қалаймын. Қазақстанның болашағы берік қолда екеніне және сендер оны аса дамыған 30 елдің қатарына қосатындарыңа сенімдімін».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы  Нұрсұлтан Назарбаев

https://nurotan2021.kz/zhastar-otanga/

0
0
168