Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Nur Otan” партиясының белсенді мүшесі, ардагер мұнайшы Өтебаев Майлыбайдың өмір жолы

Әкесі- Өтебай Наятұлы үзак жылдар бойы ұстаз болған, ата жүртқа келгесін Өзен мұнай базасында, Қазақ газ өңдеу зауытында жауапты қызметте болды. Анасы - Мамық Тоқтабайқызы тігінші, он бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана.

1970ж В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ( қазіргі Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) мұнай факультетіне қабылданып, «мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша 1975 жылы бітіріп шықты.

Өзінің еңбек жолын 1975 жылы «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі қызметінен бастаған.

1976-1984жж - «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында аға технолог ЦИТС, РИТС ауысым бастығы, 1984-1989жж - «Маңғышлақнефть» өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында РИТС бастығының орынбасары, РИТС бастығы, 1989-1990жж - Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында МТЖБ (материалдық техникалық жабдықтау бөлімі) бастығы, 1990-1995жж - Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасының басшысының орынбасары,

1995-1997жж – «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігінің УПТОиКО директорының бірінші орынбасары,

1997-2000жж – Ақтау қаласында «Экономикс» ЖШС директорының орынбасары,

2000-2011жж – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру » АҚ «КРУЗ» ЖШС атқарушы директоры, техникалық директоры,

2011-2014жж - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру » АҚ «КРУЗ» ЖШС бас маман лауазымында қызмет атқарды.

2014-2017 жж. «КРУЗ», «ӨзенМұнайСервис» ЖШС еңбекті қорғау, техника қауіпсіздік бөлімінің бастығы қызметін атқарып, 2017 жылдың маусым айынан зейнетке шықты.

2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ің аспирантурасының сыртқы бөліміне түсіп, 2010 жылы «Пайдалану мұнай ұңғымаларын қалпына келтіру мақсатында гидросоққылама бұрғылауға арналған техникалық құралдарды жобалау» темасы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады, 2006-2009 оқу жылдары «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де, ал 2010-2013жж «Каспий Қоғамдық Университетінде» мемлекеттік емтиханды және дипломдық жобаларды қорғауды қабылдау «Мемлекеттік аттестациялық комиссияның» төрағасы болды.

2012 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық ғылым және өнер академиясында​докторлык диссертациясын қорғады.

​​28 ғылыми еңбектің, ҚР 5 инновациялық патенттің және жоғарғы оқу орындарына арналған ана тіліндегі «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау» , «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау және апаттық құралдар» және «Гравийные фильтры буровых скважин на жидкие и газообразные полезные ископаемые» оқулықтардың авторы.

​​Республикалық Алматы, Ақтөбе, Актау, Өскемен және халықаралық София, Прага, Москва, Санкт-Петербург, Ош, Киев, Донецк , Алвена қалаларында өткен ғылыми- конференцияларға қатысты. Өндірістегі табыстары бағаланып «Өзен кенорнына 40-жыл», «Маңғыстау мұнайына 50-жыл», «Маңғыстау облысына 40-жыл», «Айрықша еңбегі үшін», Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ «Үздік түлегі», «Бекет Ата 250-жылдығы», « ӨзенМұнайГаз » АҚ-ның 50 және 55 жыл, «Қазақ хандығына 550 жыл», «Скважиналарды қүрделі жөндеуғе 45 жыл» , «Жаңаөзен қаласына 50 жыл» мерекелік медалдарымен, Ресей Федерациясының «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» В.И.Вернадский орденімен, ҚР Энергетика Министрлігі «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан мұнайына 120 жыл» медалі, ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен, Маңғыстау облысының әкімінің, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтің Алғыс хаты және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» -ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Өтебаев Майлыбай Техника ғылымдарының докторы. Ресей Федерациясы халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі. Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматының иегері.

0
0
322

Осы тақырып бойынша