Кентау қаласында «Nur Otan» партиясының қоғамдық штабы өз жұмысын бастады
Қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары, қалалық сайлауалды штабының басшысы Сағынбек Асылбеков БАҚ өкілдеріне арнап, баспасөз мәслихатын өткізді.
Брифингте С.Жақсыбекұлы қалалық филиалдың саяси науқанға 100 пайыз дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, өңірімізде сайлауға байланысты барлық ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мәселелер шешіліп, белсенділер мен сенімді тұлғалар топтары дайындалған.
Сайлау қарсаңында қалалық филиалдың конференциялары өткізіліп, барлық сайлауалды бағдарламалар бекітілді.
--- Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру. «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалы сайлауалды бағдарламасында дамудың жеті басымдықтарына назар аударып отыр. Атап айтар болсақ, экономикалық тұрақты қала, ыңғайлы қала, әлеуметтік қызметке бағдарланған қала, жастарға арналған қала, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала. Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану – деді С.Жақсыбекұлы.
Жалпы Кентау қаласында 7016 партия мүшесі бар. Партия жұмысы 24 бастауыш партия ұйымы арқылы жүргізіледі. Қалалық филиал облыстық мәслихатқа 6 үміткер, қалалық мәслихатқа 35 үміткер ұсынып отыр. ҚР Парламенті Мәжілісіне де кандидат болып кентаулық азамат тіркелген.
