Мазмұнға өту

Жаңа

Құрметті қазақстандықтар!

Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!

Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Біз ешқашан бірсәттік пайданы көздеген жоқпыз, орындалмайтын уәде беруден де аулақ болдық. Қоғамымыздың орнықты дамуы мен азаматтарымыздың тұрмысын жақсарту жолында тынымсыз жұмыс істедік. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық.

Соңғы кездерде бетпе-бет келіп отырған қиындықтар партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың ерекше маңыздылығын тағы да растады. Бұлардың қатарында – Адам, Бостандық, Заң үстемдігі, Әділдік, Бірлік, Болашаққа нық қадам, Отбасы мен дәстүр секілді қастерлі ұғымдар бар. Біз өз шешімдеріміз бен әрекеттеріміз барысында сара жолды саясатқа сүйене отырып, әрдайым ұлы мұраттар жолында жұмыла білдік. Сарабдал саясат жүргізу және барша қазақстандықтардың мүддесін ескеру елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізіне айналды.

Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы. Жаңа бағдарлама – аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы.

Бүгінде партиямыздың өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар. Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасы алғаш рет 216 аймақтық бағдарламада егжей-тегжейлі көрініс тапты. Бұл алға қойған міндеттерді еліміздің кез келген өңірінде, барлық деңгейде тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Біз елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанамыз.

Барша сайлаушыларды алдағы сайлауда Nur Otan үшін дауыс беруге шақырамын. Қазақстандықтар бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақ үшін дауыс беретініне сенімдімін!

Қуатты мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамына таңдау жасаңыздар!

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев

0
0
270

Сайлауалды бағдарламасы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жанна Кәдірқызы  халықпен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдауға білек сыбана кірісіп кетті.

«Ақниет» сауда үйінің қызметкерлерімен өткен  кездесуде  партияның Сайлауалды бағдарламасы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сондай-ақ, халық  мәселесін тыңдап, «Nur Otan» партиясы оның оң шешім табуына ықпалдасатынын айтты кандидат.

Айта кетейік, биылғы Сайлауалды бағдарламалар халықтың талап-тілектерін толық қамтумен ерекшеленді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев: «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады!» – деп атап өткен болатын.

«Nur Otan»  – нақты істер партиясы!

«Nur Otan» –  жарқын жетістіктер партиясы!

Бізге дауыс бер!

0
0
107

"Есіктен есікке" акциясын өткізді

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық филиалының сенімді өкілдері үйді-үйлерге барып, "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның алғы мақсаттарын, жоспарларын баяндады.

0
0
176

«Nur Otan» партиясы жанынан 11 желтоқсаннан бастап 225 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

«Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген адамдары азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Жалпы, үгіт-насихат кезеңінде 9 мыңға жуық азаматты қабылдау жоспарланып отыр.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, қоғамдық қабылдаулар – партияның тұрғындармен кері байланысының және азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі құралдарының бірі.

Осы жылдың 11 айында «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 385 мың өтініш келіп түсті. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар, соңғы 5 жылда қоғамдық қабылдауларға шамамен 1,2 млн адам жүгінсе, оның ішінде 386 мыңы – онлайн форматта. Олардың 92% оң шешімін тауып, тегін консультация беріліп, құқықтық және басқа да көмек көрсетілді.

Талдау көрсеткендей, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері алаңдатқан, олардың үлес салмағы – 30%. Сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету саласы бойынша – 7% құрап отыр.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады:

1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2. Whatsapp 8 700 800 4441;

3. Электронды пошта [email protected]

Партияның Республикалық сайлауалды штабының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде кандидаттар мен сенім білдірілген адамдардың азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ

№

Датасы және қабылдау уақыты

Т.А.Ә. және лауазымы

1

11 желтоқсан

(жұма)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

КУЧИНСКАЯ Юлия Владимировна,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

2

11 желтоқсан

(жұма)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

МҰҚИБЕК Ауыт

РСШ-ның мүшесі

3

11 желтоқсан

(жұма)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

АДАМБЕКОВ Тілектес Серікбайұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

4

14 желтоқсан

(дүйсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

РАЗЗАҚ Нәзиля Раззақбайқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

5

14 желтоқсан

(дүйсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

КАЗАНЦЕВ Павел Олегович,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

6

14 желтоқсан

(дүйсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

СҮЛЕЙМЕНОВА Зүлфия Болатқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

7

15 желтоқсан

(сейсенбі)

10.00-ден 12.00-ге дейін)

АБАҚАНОВ Елдос Нұрболұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

8

15 желтоқсан

(сейсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

ЖҰМАБЕКОВА Рысты Мағауияқызы,

РСШ-ның мүшесі

9

20 желтоқсан

(жексенбі)

10.00-ден 12.00-ге дейін)

РАУ Альберт Павлович,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

10

20 желтоқсан

(жексенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

ШӘЙЖҮНІСОВА Динара Гапланқызы,

РСШ-ның мүшесі

11

21 желтоқсан

(дүйсенбі)

10.00-ден 12.00-ге дейін)

РАМАЗАНОВА Ләззат Керімқұлқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

12

21 желтоқсан

(дүйсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

ЖАМАЛОВ Аманжан Мәкәрімұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

13

21 желтоқсан

(дүйсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

САИРОВ Ерлан Бияхметұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

14

21 желтоқсан

(дүйсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

ЗАКИЕВА Динара Болатқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

15

22 желтоқсан

(сейсенбі)

(11.00-ден 13.00-ге дейін)

ОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

16

22 желтоқсан

(сейсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

СИМОНОВ Сергей Анатольевич,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

17

23 желтоқсан

(сәрсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

МУСИН Қанат Сергейұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

18

23 желтоқсан

(сәрсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

КИМ Вера Александровна,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

19

24 желтоқсан

(бейсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

САРТБАЕВ Бауыржан Мейрамбекұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

20

24 желтоқсан

(бейсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

21

25 желтоқсан

(жұма)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

НҰРМАНБЕТОВА Жәмила Нүсіпжанқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

22

25 желтоқсан

(жұма)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

БЕЙСЕНБАЕВ Елнұр Сабыржанұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

23

28 желтоқсан

(дүйсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

НҰРКИНА Айгүл Қабдешқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

24

28 желтоқсан

(дүйсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

БИЖАНОВА Гүлнәр Қадыржанқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

25

29 желтоқсан

(сейсенбі)

(09.30-ден 11.00-ге дейін)

РАЗЗАҚ Нәзиля Раззақбайқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

26

29 желтоқсан

(сейсенбі)

(11.00-ден 13.00-ге дейін)

ИМАШЕВА Снежанна Валерьевна

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

27

29 желтоқсан

(сейсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

ҚАМАЛИЕВ Берік Сайлауұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

28

30 желтоқсан

(сәрсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

САПАРОВА Әлия Сүйіндікқызы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

29

30 желтоқсан

(сәрсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

НҰРБЕК Саясат,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

30

31 желтоқсан

(бейсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

ТАЙЖАНОВ Ерлік Серікбайұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

31

5 қаңтар

(сейсенбі)

(11.00-ден 13.00-ге дейін)

ТІЛЕУХАН Бекболат Қанайұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

32

5 қаңтар

(сейсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

СМАҒҰЛ Бахытбек,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

33

5 қаңтар

(сейсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

САРЫМ Айдос Әміроллаұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

34

6 қаңтар

(сәрсенбі)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

ҚОЖАХМЕТОВ Арман Төлешұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

35

6 қаңтар

(сәрсенбі)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

РАХЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратпекұлы,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

36

8 қаңтар

(жұма)

(10.00-ден 12.00-ге дейін)

УНЖАКОВА Ирина Сергеевна,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

37

8 қаңтар

(жұма)

(15.00-ден 17.00-ге дейін)

ШИПОВСКИХ Геннадий Геннадьевич,

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына

кандидат

0
0
243

Кадр тапшылығын жоямыз...

«Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев «Көкшетау автобус паркі» ЖШС қызметкерлерімен жүздесті. Өздерінің сайлауалды бағдарламасымен бөліскен кандидаттар басты мәселе, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс жағдайын түзеу, денсаулығына көңіл бөлу, жас мамандарға қолдау көрсету екенін алға тартты. Өз кезегінде сұрақтарын қойған мекеме қызметкерлері соңғы уақытта азық-түліктің бағасы қымбаттап кеткенін айтты. Осы мәселеге баса назар аударылса деген тілектерін жеткізді. Жолаушы тасымалымен айналысатын мекемелердің басты проблемасы –жас жүргізушілердің жоқтығы. Жастар бұл салада жұмыс істегісі келмейді. Сондықтан  D және D1 категориялы жүргізушілердің бәрі дерлік зейнет жасындағы адамдар. Кандидаттар да бұл мәселенің бар екенін жоққа шығармайды. Шынында да бұл өзекті мәселенің бірі. Соңғы жылдары техник мамандардың да азайып кеткені алаңдаушылық тудырады. Сол себепті кіші инженер мамандарды дайындайтын оқу орындарына қамқорлықты күшейтіп, жастардың қызығушылығын тудыратындай жағдай жасау керек. Стипендия көлемін арттырып, осындай мамандықтарға жастарды көптеп тартуға ықылас танытқан абзал. Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев өзі басқарып отырған аймақта механизатор мамандар азайып кеткенін алға тартты. Бұрын жастар тракторшы, механизатор мамандықтарына оқытылып, совхоздың атынан стипендия алып, кейін өз ауылына барып еңбек ететін. Қазір бұл үрдіс жоғалып барады. Сондықтан әр ауылда құрылған шаруа қожалықтарының иелері осы бағытта жұмыс істеп, өздеріне қажетті мамандарды дайындауға мүдделі болуы тиіс. Кандидаттар осы және тағы да басқа мәселелерді назарға алуға уәде етті. Олар өз сөздерінде нағыз халықтық ұйым «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда дауыс беруге шақырды. Себебі, бұл партия қашанда халықпен бірге!

0
0
174

«Jas Otan» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы

«Жаңа буын ірі проблемаларды шеше алатындай болулары, сондай-ақ өзгерген экономикалық және технологиялық жағдайларға бейімделе білулері тиіс, сондай-ақ олардан ғаламдық трендтерді екі қадам бұрын сезіне отырып, қалыптасқан жағдайларды тиімді түрде пайдалана білу талап етіледі».

«Мен сендердің өз елдеріңмен мақтанғандарыңды, оның тарихын жақсы білгендеріңді және алға сеніммен қарағандарыңды қалаймын. Қазақстанның болашағы берік қолда екеніне және сендер оны аса дамыған 30 елдің қатарына қосатындарыңа сенімдімін».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы,
«Nur Otan» партиясының Төрағасы 
Нұрсұлтан Назарбаев

https://nurotan2021.kz/zhastar-otanga/ 

0
0
188