ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Нақты істер: қысқа да нұсқа

2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлау науқаны ел үшін қиын кезеңде өтіп жатыр. Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызуда. Бірақ біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдіміз!

Жыл бойы жүргізілген «партияны қайта жандандыру» жұмыстары «Nur Otan»-ның мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді.

Осы орайда сіздердің назарларыңызға партия жайында хабардар ететін роликті ұсынбақпыз. Бейнероликте партия қатарында кімдер бар, партиялықтар отандастары үшін не тындыруда, сайлауалды бағдарламасында партия не ұсынатындығы түсінікті түрде толық баяндалған.

Ең алдымен, бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. Партия мүшелерінің жалпы саны 800 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл – 4,5 мың бастауыш партия ұйымы мен 247 партия филиалы.

Еліміздің көптеген тұрғындары үшін «Nur Otan» өзекті мәселелерді шешуде соңғы инстанция болып отыр. 2016 жылдан бастап партияның қоғамдық қабылдаулары 1,2 млн. өтінішті қарады. Олардың басым бөлігі, яғни 92%-ы оң шешімін тапты.

Партияның қазіргі ұсынып отырғаны нақты іс-қимыл жоспары – «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» республикалық бағдарламасы. «Nur Otan» мұнымен ғана шектелмей, әр облыс, қала мен аудан үшін 216 сайлауалды бағдарламасын әзірледі. Ол үшін халықтың 17 мыңнан астам ұсынысы мен аманаты жиналды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

https://www.facebook.com/nurotan.kz/posts/3591076574322780