Мазмұнға өту

Жаңа

Ауылшаруашылық саласының мамандарымен кездесу өтті

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ауданның ауылшаруашылық өкілдерімен онлайн кездесіп, осы саладағы өзекті жайылым мәселесі, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша талқылау болды.

0
0
180

Мұнайлы ауданында экспромт кездесу өтті

Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның бірі бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Рахат» сауда орталығында экспромт-кездесу өтті. Кездесу барысында облыстық және қалалық мәслихаты депутатына кандидаттар Бақтыбай Жайлауов, Сәдуақас Битан, Берік Жарылғапұлы сауда орталығының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар тарапынан жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық сала бойынша мәселелер көтерілді. «2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, басты…

0
0
210

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу

«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалында депутаттыққа үміткерлер сайлауалды бағдарламаны талқылау мақсатында үкіметтік ұйым белсенділерінің қатысуымен «дөңгелек стол» отырысын өткізді. Жиында «Үміт» қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Смайлов пен аудандық зағиптар қоғамының атынан Бақтыгүл Іргебаева өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша үміткерлер мен сайлауалды штаб мүшелеріне өз ойларын жеткізді. Инватакси, қоғамдық ұйымға арналған ғимарат жайында және де басқа сұрақтар назарға алынып, болашақта бұл бағытта жұмыс жасалатын болды.

0
0
110

Үміткерге сұрақ қой

📷 Тікелей эфир Түпқараған аудандық "Nur Otan" партиясының ресми парақшасында өтеді. Сілтеме 📷

https://instagram.com/nurotan_tupkaragan...

📷 Эфир кезінде үміткерге ұсыныстарыңызды айтуға немесе сұрақтарыңызды қоюға болады.

0
0
135

Денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесу

Шиелі ауданаралық ауруханасында "Nur Otan" партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан бір топ үміткерлер ұжым мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылатын жоспарлар мен жұмыстар таныстырылып, үміткерлер медицина қызметкерлерін толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.

0
0
137