Түпқараған ауданында Nur Otan белсенділері колледж ұжымымен кездест
Аудандық штабтың басшысы Светлана Жолдасова “Nur Otan” партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 5 жылдық бағдарламасын таныстырып, жастарды саяси белсенді болуға шақырды. Басқосуда Светлана Жолдасова Елбасының: «Әр адамның бойына жұмыс істей білу, оқып-үйрене білу, өмір сүре білу, қазіргі әлемде өмір сүре білу қасиетін сіңіру керек» деген сөзін жеткізді.Бүгінгі таңда жаңашыл ойлайтын, жігерлі, жалынды жастар қатары көбейіп келеді. Бұл жастар мемлекеттің болашағына үмітпен қарап, еліміздің дамуына, 30 елдің қатарына қосылуға білім мен іскерлігін көрсетуге аянбайды.Әр өңірде жастар мәслихатына қабылданып, тіпті облыстың басқармаларын тізгіндеп жатқан жастар қатары да артуда. Оған басты себепкер болған Елбасымыздың жастар саясаты бағытындағы бағдарлама…