Қаройдағы кездесу
Қаройдағы кездесу
2020 жылдың 14 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясының штаб мүшесі, сенімді өкіл Б.Өлмесеков пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Р.Ақылбекұлы Қарой ауылында сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Кездесуде «Nur Otan» партиясының Күршім ауданы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен Б.Өлмесеков, Р.Ақылбекұлы таныстырып, кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар Қарой ауылына интернет жылдамдығын жетілдіру, тұрғындарға ауыз су тарту мәселесін бағдарламаға енгізуге ұсыныс білдірді.
