Мазмұнға өту

Жаңа

Ауылшаруашылық саласының мамандарымен кездесу өтті

Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ауданның ауылшаруашылық өкілдерімен онлайн кездесіп, осы саладағы өзекті жайылым мәселесі, ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша талқылау болды.

0
0
221

Мұнайлы ауданында экспромт кездесу өтті

Әрбір партия тұрғындарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырады. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның бірі бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Рахат» сауда орталығында экспромт-кездесу өтті. Кездесу барысында облыстық және қалалық мәслихаты депутатына кандидаттар Бақтыбай Жайлауов, Сәдуақас Битан, Берік Жарылғапұлы сауда орталығының әрбір келушісін партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар тарапынан жастарды тәрбиелеу, білім беру, денсаулық сақтау, құқықтық сала бойынша мәселелер көтерілді. «2020 жыл бәріміз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етіп, басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін дәлелдеді. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Осы сын-қатерлерге қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, қызмет жасап тұрған жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін сондай-ақ, ауданымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатын болады. Біз бұған қалай жетуге болатынын нақты білеміз. «Nur Otan» партиясы барлығына ашық! Біз Сіздің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Біздің ауданды әрі қарай дамыту бойынша Сіздің дауысыңыз біз үшін өте маңызды! 10 қаңтар күні баршаңызды «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, жарқын болашаққа бірге қадам жасауға шақырамын» - деп шара соңында Битан Сәдуақас дауыс беруге шақырды.

Источник: https://mangystaumedia.kz/kk/zhanalyktar/104773?fbclid=IwAR0aLufafAr46egbZvdwfsqiXi9_IGJSbieU20edg07j6J_3MV80BlU5eTI

0
0
222

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу

«Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалында депутаттыққа үміткерлер сайлауалды бағдарламаны талқылау мақсатында үкіметтік ұйым белсенділерінің қатысуымен «дөңгелек стол» отырысын өткізді. Жиында «Үміт» қоғамдық қорының төрағасы Асылбек Смайлов пен аудандық зағиптар қоғамының атынан Бақтыгүл Іргебаева өздерін толғандырып жүрген мәселелері бойынша үміткерлер мен сайлауалды штаб мүшелеріне өз ойларын жеткізді. Инватакси, қоғамдық ұйымға арналған ғимарат жайында және де басқа сұрақтар назарға алынып, болашақта бұл бағытта жұмыс жасалатын болды.

0
0
123

Үміткерге сұрақ қой

📲 Тікелей эфир Түпқараған аудандық "Nur Otan" партиясының ресми парақшасында өтеді. Сілтеме 👇

https://instagram.com/nurotan_tupkaragan...

✅ Эфир кезінде үміткерге ұсыныстарыңызды айтуға немесе сұрақтарыңызды қоюға болады.

0
0
149

Денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесу

Шиелі ауданаралық ауруханасында "Nur Otan" партиясының атынан сайлауға түсіп жатқан бір топ үміткерлер ұжым мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесуде сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылатын жоспарлар мен жұмыстар таныстырылып, үміткерлер медицина қызметкерлерін  толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берді.

0
0
151