Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Есіктен есікке" акциясы өткізілді

Бүгін ҚР-ның Парламенті мәжілісіне үміткер Балайым Туғанбайқызы Кесебаева облыс және аудандық мәслихатқа үміткер бір топ кандидаттармен "Есіктен есікке" акциясы аясында Ақжар ауылы тұрғындарының үйлерінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алғашқы сапарын батыр ана, зейнеткер Тиышкүл Сүлейменоваға арнап, шаңырағында болды.

Келелі кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын түсіндіріп, партияның осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері мен алдағы уақытта атқаратын іс-шараларының жоспарымен таныстырды.

Он бала тәрбиелеп өсірген батыр ана келген қонақтардың қадамын құтқа балап, үміткер кандидаттардың алдағы дода да жеңіп шығуына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Мұнан соң үміткер келесі кездесуін жалғастыра отырып, білім саласының ардагері, әйелдер кеңесінің төрайымы Рая Жөнейтованың үйіне ат басын тіреді. Онда ұстаздың жағдайын біліп, білім саласына қатысты партияның сайлауалды бағдарламасын ашып айтып, міндеттерімен таныстырды.

–Елдің гүлденіп, өркендеуіне, ел экономикасының көтерілуіне себепші болған осы – «Nur Otan» партиясы. Партияның бүгінге дейін атқарған ісі ұшан теңіз. Еліміз түрлі сынақтарды бастан өткерді. Сол сынақтарда елге демеу бола білген «Nur Otan» қазақ халқымен бірге қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске жетіп келеді. Алдағы сайлауда ел болашағы үшін дауыс беруге сізді шақырамын», – деді Б.Кесебаева.

Мәжіліс кандидатын жылы қабылдаған Рая Жөнейтова «Nur Otan» партиясын бұрыннан қолдаушы екенін жеткізді. «Бұл партия қиын сәттерде ел жанынан табыла білді. Алысқа бармай-ақ кешегі пандемия кезінде өз халқына барынша көмектесті. Сондықтан алғысым шексіз» деп лебізін білдірді. Сонымен қатар ардагер ұстаз өз ұсынысын да жеткізіп, ауылдағы басты проблеманың бірі – интернет желісінің төмен екенін айтты. Себебі қазіргі онлайн сабақтардың өтуіне бірден-бір кедергі осы желі.

Ұсыныстарды түртіп алған Балайым Туғанбайқызы осы мәселелерді алдағы уақытта көтеретінін айтты.

1
0
208

Осы тақырып бойынша

"Есіктен есікке" акциясы өткізілді - Yvision.kz