Парламент мәжілісіне үміткер Балайым Кесебаева Төребай би ауылының тұрғындарымен жүздесті
Іс-сапарын жалғастырған Парламент мәжілісіне үміткер Балайым Кесебаева Төребай би ауылының тұрғындарымен ауылдық клуб үйінде жүздесті. Мұндағы мақсаты – жергілікті халықтың өтініші мен ұсыныстарын тыңдап, келелі мәселелерін шешуге жәрдем ету.

Жиында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламаларын жете түсіндіріп, мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді. Алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдап, ел болашағы үшін бір кісідей «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Өз кезегінде тұрғындарда көкейдегі сауалдарын жолдап, ауыл мәселесін ортаға салды. Ауылдық клуб үйінің ескі екенін жеткізіп, жаңа ғимараттың салынуы келер жылғы жоспарға енгізілсе деген ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар жедел-жәрдем көлігі де қажет ететінін тілге тиек етті.
Кандидаттар тұрғындардың мәселелерін жазып алып, мүмкіндігінше партия тарапынан шешуге атсалысатындарын жеткізді.
