Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен есікке" акциясы Баутин ауылында жалғасын тапты.

Акция барысында Баутин ауылы тұрғындарына 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.Тұрғындар қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып өтті. Баутин ауылының тұрғыны Ж.Игликова "Үгіт-насихат жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. "NurOtan" партиясы туралы бәріміз білеміз, істеп жатқан жұмыстарын да көріп жатамыз. Ауылымызда Сатимов көшесі бұрылысына төселген жолдың жанындағы газ құбырының дұрыс орналаспағанын алғаш болып сіздердің партия аңғарып, қоғамдық бақылау тобының мониторингінен кейін осы бұрылыстағы газды жөндеп беріп кетті. Партиялық жобаларыңыз жалғасын таба берсе екен деймін. Және де осындай жағдайлардың алдын алуға ықпал етулеріңізді сұраймын" – деді.Баутин ауылының 9…

1
0
178

Zoom-платформасын да онлайн кездесу өтті.

Зауыт ұжымына Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізді бағыттары мен партия ішінде жүргізіліп жатқан саясаты талқыланды.

Мұнайшыларды ұйымшылдықпен сайлауға келіп, партиямызға дауыс беруге үгіттедім!

Ел қазынасына үлес қосып отырған мұнайшыларымыздың еңбегі жемісті болғай!

1
0
162

"Nur Otan" партиясы АҚФ үгіт-насихат жұмыстарына дайындық барысында қалалық штабтың жиыны

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалында үгіт насихат жұмыстарына дайындық барысында қалалық штабтың жиыны өтті. Жиын барысында штаб мүшелеріне үгіт-насихат жұмыстары бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
113

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылау бойынша жиналыс

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясының АҚФ қызметкерлері, «Nur Otan» партиясының “Кедергісіз келешек” жобасының төрайымы Баян Жалмағанбетова, Ақтау қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының «жұмыс іздеушілерге жәрдемдесу және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүгіну» секторының басшысы Омарбай Динара Беккожақызы қатысты.Модератор - «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалыны жанындағы Саяси қоғамдық кеңесінің мүшесі Әбдісадық Ғани Ғабитұлы.Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қашанда басты назарда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050:…

0
0
189

"Есіктен есікке" акциясы

Тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Теңге аулына келетін маршруттық автобус мәселесін, бір тұрғын баласын өзінің зейнетке шыққан мекемесіне жұмысқа орналастыруды сұрады. Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты.

1
0
148

Үміткерлердың экспромт кездесуі жалғасуда

Үміткерлердың экспромт кездесуі Жалағаш кентіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығында өз жалғасын тапты. Үміткерлер 20 жылдан аса тарихы партияның жұмыстарын сайлаушыларға айта отырып, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында сайлаушылармен ашық диалог орната білді. Партияның басты мақсаттарының бірі елдің, халықтың сенімін ақтау болып табылады.

Аталмыш кездесуге «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Самат, Қалиянов Бауыржан, Қайранбаева Айжан, Абдиев Дархан қатысты.

Кездесу барысында санитарлық талаптар сақталды.

0
0
157

Бүгін мәжіліс депутаттығына үміткер Казахбаев Оспан жас буын өкілдерімен экспромт кездесу өткізді.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Жас буын өкілдерімен өзекті мәселелерін талқылап пікір алмасты. Партия үшін жас ғалымдардың орныәрдайым алдыңғы орында тұрады.

1
0
180

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы

«Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филиалынының ұйымдастырумен кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы өтті.Жиынға «КМГ инжиниринг» «ҚазНИПИмұнайгаз» филиалы қызмет жетекшісі, Маңғыстау облыстық мәслихатына үміткер Ешманов Киікбай Жақыпұлы, Ақтау қалалық мәслихатына үміткер Сыражанов Ерген Мұратұлы, Ақтау қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Ерлан Мұхамеджанов, Ақтау қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Жанабай Жұмағалиев, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, қалалық емхана қызметкерлері қатысты.Отырыс барысында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы түсіндіріліп, атқарылдған жұмыстар талқыланды. Жобаның нег…

0
0
211

Тұрғындармен ашық диалог өтті

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етілді. Сондай-ақ, партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.

Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық.

Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты тұщымды жауаптар алды.

1
0
155