Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

МО іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша онлайн кездесуі

«Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филлиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында Маңғыстау облысының іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен аймақтағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша қалалық Саяси кеңестің онлайн кездесуі өткізілді.

Жиналысқа Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тілеген Едігеев, Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры Динара Асанова, "Ақерке" клиникалар желісінің құрылтайшысы Сара Дусипова, "Proficity" балалар дамыту орталығының директоры Маргарита Иванкова қатысты.

Модератор - «Nur Otan» партиясының мүшесі Анар Шәмшадинова.

Онлайн кездесу барысында жалпы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселелері талқыланды. Шағын және орта бизнестің ел экономикасын дамытудағы маңыздылығы, Маңғыстауда бизнесті дамытудың негізгі бағыттары туралы сөз қозғалды.

Бүгінгі күні мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлуде, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға ден қойылуда. Ел экономикасындағы әйелдердің белсенді рөлі шағын және орта бизнестің көрсеткіштерімен расталады. Т.Едігеевтің ақпараты бойынша, "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдау үшін Ақтау қаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі 6% жеңілдікпен несие алу үшін шамамен 450 млн теңге бөлінген. Оның ішінде 19 әйел 129 млн теңге несие алған. Бағдарлама аясындағы кәсіпкер әйелдердің үлесі 40% - ды құраа отыр. Әйелдер кәсіпкерлігінің негізгі бағыттары кондитерлік сала, аспаздық, тігін ісі және мектепке дейінгі білім беру болып табылады. Сондай-ақ, соңғы уақытта туризм және өндіріс салаларындағы әйелдердің үлесі артып келеді .

Өз ісін бастаған кәсіпкерлердің бірі "Ақерке" клиникалар желісінің құрылтайшысы Сара Дусипова. Ол медицина қызметкері болғандықтан, 2010 жылы өз клиникасын ашуға шешім қабылдаған. Бүгінде мемлекеттің қолдауымен ол бизнесін кеңейтіп, өрбітіп отыр.

"Мен "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша несие алдым. Қазір менің үлкен клиникам бар. Н. Назарбаев өз сөзінде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында емханалар ашу қажеттігін айтқан болатын. Қазір мен осы бағытта жұмыс істеп жатырмын. Біз Даму арқылы несие алып, 16 шағын ауданда медициналық емхана аштық. Мемлекет қолдауына ризашылығымды айтқым келеді".

Сонымен қатар, кәсіпкер әйелдерді қолдау және Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының жоспарлары туралы Динара Асанова айтып берді.

"2021 жылға арналған жоспарларымыз өте көп. Негізгі мәселе - бизнеспен, өзін-өзі дамытумен айналысқысы келетін көп балалы аналарды қолдау. Гендерлік саясатқа, халықтың аз қамтылған топтарын жұмыспен қамтуға, ШОБ - ті дамытуға қатысты ең өзекті әлеуметтік мәселелерді өңірдің тұрақты экономикалық жағдайының негізі ретінде іске асыру және жұмыс істеу", - деп атап өтті Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры .

0
0
226

Осы тақырып бойынша

МО іскер әйелдер қауымдастығы мүшелерімен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша онлайн кездесуі - Yvision.kz