Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін Екібастұз қалалық сайлауалды Штабының мүшелері Бәйет ауылдық округінің тұрғындарымен онлайн-форматта кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

- Партияның XX-шы съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!», — деп атап өтті Екібастұз қалалық сайлауалды Штабының төрағасы Нияз Макраев. — Біздің жеке сайлауалды бағдарламамыз бар. Ол бестен аса нақты міндеттерді қамтиды. Олардың жүз пайызы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бағдарламаның міндеттері екібастұздықтардың негізгі сұраныстарын қамтиды, қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптар береді.

Өз кезегінде, Бәйет ауылдық округінің тұрғындары Штаб мүшелеріне сұрақтар қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Екібастұз қалалық сайлауалды Штабының баспасөз қызметі.

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Ауыл тұрғындарымен кездесті - Yvision.kz