ПБК мүшелерінің облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері А.Қ. Жұмыровпен кездесуі
«NEW TIMES» сайтында жарияланған "Ақтау ауруханасында балаларды құрт ботқасымен тамақтандырады" атты мақаласына қатысты келесіні хабарлаймыз.
«Nur Otan» партиясы АҚФ жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері А.Қ. Жұмыровпен кездесті. Кездесу барысында "Берекет-Ф" ЖШС ауруханамен келісімшарт негізінде 2010 жылдан бері аурухананы ыстық тамақпен қамтамасыз ететіндігі анықталды. ПБК мүшелері "Берекет-Ф" ЖШС директоры З.А. Фаталиевамен кездесті. Тексеру нәтижелері бойынша тамақ блогында: ет, балық, ас пісіру, көкөніс цехы, сондай-ақ суық тағамдар және дайын өнімді тарату цехтары бар екендігі анықталды. Мұнда санитарлық нормалар сақталған, еденнен төбеге дейін кафель төселген, дайын тағамды тасымалдауға арналған арнайы термостар бар. Азық-түлік қоймалары арнайы сөрелерде орналасқан, сертификаттары бар. Қызметкерлер арнайы киіммен, аяқ киіммен, санитарлық бас киімдер мен маскалармен қамтамасыз етілген.
Тексеруден кейін мекемеге тамақ тасымалдауға арналған кейбір термостарды ауыстыру туралы ұсыным берілді.
Осы келеңсіз оқиғаға байланысты партия тарапынан тиісті органдарға хат жолданып, бұл жағдай партияның жіті бақылауында болады.
