Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен есікке" акциясы Баутин ауылында жалғасын тапты.

Акция барысында Баутин ауылы тұрғындарына 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты бағдарламасын таныстырып, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Тұрғындар қолдау білдіріп, өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып өтті. Баутин ауылының тұрғыны Ж.Игликова "Үгіт-насихат жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. "NurOtan" партиясы туралы бәріміз білеміз, істеп жатқан жұмыстарын да көріп жатамыз. Ауылымызда Сатимов көшесі бұрылысына төселген жолдың жанындағы газ құбырының дұрыс орналаспағанын алғаш болып сіздердің партия аңғарып, қоғамдық бақылау тобының мониторингінен кейін осы бұрылыстағы газды жөндеп беріп кетті. Партиялық жобаларыңыз жалғасын таба берсе екен деймін. Және де осындай жағдайлардың алдын алуға ықпал етулеріңізді сұраймын" – деді.

Баутин ауылының 92 жастағы Балкон әже батасын берді. "NurOtan" партиясы қашанда халықтың жанашыры болып жүрген партия, сіздерге рахмет, мен сіздерге үміт артамын, алдағы сайлауда сәттілік тілеймін" деп, өзінің батасын берді.

Акция соңында сайлауалды штабының басшысы Светлана Түгелқызы тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлерді қаперге алып, алдағы уақытта жұмысты одан әрі жандандыра түсетінін айтты.

1
0
198

Zoom-платформасын да онлайн кездесу өтті.

Зауыт ұжымына Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізді бағыттары мен партия ішінде жүргізіліп жатқан саясаты талқыланды.

Мұнайшыларды ұйымшылдықпен сайлауға келіп, партиямызға дауыс беруге үгіттедім!

Ел қазынасына үлес қосып отырған мұнайшыларымыздың еңбегі жемісті болғай!

1
0
180

"Nur Otan" партиясы АҚФ үгіт-насихат жұмыстарына дайындық барысында қалалық штабтың жиыны

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалында  үгіт насихат жұмыстарына дайындық барысында қалалық штабтың жиыны өтті. Жиын барысында штаб мүшелеріне үгіт-насихат жұмыстары бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

0
0
128

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселелерін талқылау бойынша жиналыс

«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен Zoom платформасында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті. Жиынға  «Nur Otan» партиясының АҚФ қызметкерлері, «Nur Otan» партиясының  “Кедергісіз келешек” жобасының төрайымы Баян Жалмағанбетова, Ақтау қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының «жұмыс іздеушілерге жәрдемдесу және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жүгіну» секторының басшысы  Омарбай Динара Беккожақызы қатысты.

Модератор - «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалыны жанындағы Саяси қоғамдық кеңесінің мүшесі Әбдісадық Ғани Ғабитұлы.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері қашанда басты назарда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігі айтылған болатын. “Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз”, – деген болатын Н. Ә. Назарбаев.  Жолдауды іске асыру жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәкілетті органдарға мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді инфраструктура, яғни, «кедергісіз орта» құру бойынша ұсыныс енгізу ұсынылды.

Бүгінде Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар шаралар  жүргізілуде.  Динара Омарбайдың  айтуынша, қазіргі таңда Ақтау қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығына 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтар хабарласып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында белсенді шараларға қатысқан. Оның ішінде жастар тәжірибесімен  7 адам, әлеуметтік жұмыс орнымен  1 адам, қоғамдық жұмыспен 118 адам қамтылған. 3 адам жұмыс берушілердің өтінімі бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқуға қатысып әрі қарай жұмысқа орналасты. 10 адамға жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттар берілді. Тұрақты жұмыспен  39 адам қамтылған.

Онлайн форматта өткізілген жиынға қатысушылар тақырып аясында пікірлерін ортаға салып, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жолдарын талқылады.

0
0
203

"Есіктен есікке" акциясы

Тұрғындарды “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан Теңге аулына келетін маршруттық автобус мәселесін, бір тұрғын баласын өзінің зейнетке шыққан мекемесіне жұмысқа орналастыруды сұрады. Жалпы кездескен тұрғындар  ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және  партиямызға дауыс беретіндерін айтты.

1
0
166

Үміткерлердың экспромт кездесуі жалғасуда

Үміткерлердың экспромт кездесуі  Жалағаш кентіндегі Халыққа  қызмет көрсету орталығында өз жалғасын тапты.  Үміткерлер 20 жылдан аса тарихы партияның жұмыстарын сайлаушыларға айта отырып, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында сайлаушылармен ашық диалог орната білді. Партияның басты мақсаттарының бірі елдің, халықтың сенімін ақтау болып табылады.

Аталмыш кездесуге «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Самат, Қалиянов Бауыржан, Қайранбаева Айжан, Абдиев Дархан қатысты.

Кездесу барысында санитарлық талаптар сақталды.

0
0
170

Бүгін мәжіліс депутаттығына үміткер Казахбаев Оспан жас буын өкілдерімен экспромт кездесу өткізді.

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды. Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Жас буын өкілдерімен өзекті мәселелерін талқылап пікір алмасты. Партия үшін жас ғалымдардың орныәрдайым алдыңғы орында тұрады.

1
0
201

Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы

«Nur Otan» партиясының Ақтау қалалық филиалынының ұйымдастырумен кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жедел топтың отырысы өтті.

Жиынға «КМГ инжиниринг» «ҚазНИПИмұнайгаз» филиалы қызмет жетекшісі, Маңғыстау облыстық мәслихатына үміткер Ешманов Киікбай Жақыпұлы, Ақтау қалалық мәслихатына үміткер Сыражанов Ерген Мұратұлы, Ақтау қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Ерлан Мұхамеджанов, Ақтау қалалық ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция аға лейтенанты Жанабай Жұмағалиев, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, қалалық емхана қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы түсіндіріліп, атқарылдған жұмыстар талқыланды. Жобаның негізгі мақсаты - қазақстандық отбасылар мен балалардың әл-ауқатын арттыру. Бұл орайда филиалдар мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесе отырып, қиын жағдайда отырған отбасыларды анықтайды. Ол үшін арнайы топтар үйлерді аралайды. Соның бәрі xалықтың әлеуметтік картасында көрсетіледі. Жиынды жүргізген Киікбай Жақыпұлы жоба аясында  балалар құқығын қорғау маңыздылығын атап өтті. Өйткені әрбір бала білім алып, дамуы қажет. Мұның барлығы ең алдымен отбасындағы жағдайына байланысты екенін атап өтті. Сондай–ақ, жоба мақсаттарының бірі-  отбасындағы балалардың дұрыс тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарымызды  сіңіру. Осы орайда партия жанынан құрылған  жедел топ мүшелерінің міндеті  қиын отбасылармен жұмысты күшейту, оларға психолигиялық, әлеуметтік және материалдық қолдау көрсету.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша полиция қызметкерінің мәліметіне сәйкес, қала аумағында 39 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім бар. Солардың ішінде, ағымдағы жылы 1110 бала  әр түрлі санатпен құқықбұзушылық жасап, ата-аналарына шара қолданылған. 86 қолайсыз отбасы тіркелген, яғни балалар ата-анасының қадағалауынсыз қаңғыбастықпен айналысып жүргендер. Сонымен қатар, әр түрлі санатпен ұсақ бұзақылық және қылмысқа бейім  86 жасөспірім Ақтау қаласы ішкі істер басқармасына есепке алынған.

Сонымен қатар, жиын барысында  мамандар тақырып аясында  өзара пікір алмасып,ойларын ортаға салды. Шара соңында қатысушылар кәмелетке толмаған балалармен жұмысты жүйелі түрде  бірлесіп жүргізуді қолға алып, қиын жағдайдағы отбасыларға барынша қолдау көрсету бағытында жұмыстанатындарын жеткізді.

0
0
220

Тұрғындармен ашық диалог өтті

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып,  20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етілді. Сондай-ақ, партияның  саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.

Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық.

Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты  тұщымды жауаптар алды.

1
0
172