Мазмұнға өту

Жаңа

Ардагерлер штаб жұмысына оң баға берді

Еске сала кетсек, "Nur Otan" партиясы соңғы Мәжіліс сайлауында сайлаушылардың 82% дауысына ие болды. Партия мұндай нәтижеден кейін бұрын-соңды болмаған сенімге ие болып, партияның рөлі басқарушы институт ретінде мемлекетімізде орны одан сайын артты.Бүгінгі таңда 2021 жылы өтетін ҚР Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына орай партияаралық бәсеке басталды. Осы ретте «Nur Otan» партиясы үгіт жұмыстарын белсенді жүргізуде. Облыстық сайлауалды штаб мүшелері Елубай Әбілов, Марат Себасов, Бекмұрат Жүсіпов, Қалым Дербісов партия ардагерлерімен басқосып, халықтың саяси сауатын арттыру, сайлауға шақыру, бағдарламаны тұрғындарға түсіндіру, жақтастармен кездесу өткізу, партияны қолдауға шақыру секілді мәселелерді қозғады. Сонымен қатар штабтың 5 күнде атқарған жұмысына ш…

0
0
189

Облыстық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тұсаукесер рәсімдері өтті

Партияның сенімді өкілдері мен кандидаттар қатысқан басқосуда штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінің мақсат, міндеттерімен таныстырған облыстық штаб басшысы Н.Ожаевтың алғысөзінен кейін, ел ағалары Төкен Танаұлы, қоғам қайраткері Нұрпейіс Махашұлы науқанды жұмыстың басталуына орай ақ баталарын берсе, кандидаттар атынан Айжан Сарсенқызы өз тілегін арнады. 11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде кандидаттар мен партияның сенім білдірген өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасын әр сайлаушыға жеткізу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізіп, олардың өтініштерін, тілектерін тыңдап, ұсыныстарын (наказ) қабылдайды. Қабылдаулар онлайн тәртібінде өтеді, қажет болған жағдайда пандемия кезіндегі барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн тү…

0
0
323

Үгіт-насихат жүргізу аясында zoom платформасы арқылы кездесу өткізді.

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Батаев Әнуарбек Жолдасұлы, Қосмурзиева Гүлназ Мақсотқызы, Асылбеков Азамат Бисалыұлы азаматтық қоғам өкілдері бірлестігі өкілдерімен zoom платформасы арқылы кездесті. Онлайн кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі 7 бағыты бойынша айтылды.

0
0
133

Амангелдіде «Есіктен есікке» акциясы өтті

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Көптоғай ауылдық округіне қарасты Амангелді елді мекенінде «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Үміткерлер ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, «Nur Otan» партиясы Ойыл аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтарына тоқталды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, «Nur Otan» партиясының әрдайым халықпен бірге екенін атап өтті.

Нақты істер: қысқа да нұсқа

2021 жылдың 10 қаңтарында Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл сайлау науқаны ел үшін қиын кезеңде өтіп жатыр.Әлемді шарпыған коронавирус пандемиясы жаңа қиындықтар туғызуда. Бірақ біз барлық сынақты бірге еңсеріп, жеңіске жететінімізге сенімдіміз!Жыл бойы жүргізілген «партияны қайта жандандыру» жұмыстары «Nur Otan»-ның мүшелерін жұмылдырып, азаматтардың мүддесі үшін атқарылып жатқан жұмысты күшейтуге мүмкіндік берді.Осы орайда сіздердің назарларыңызға партия жайында хабардар ететін роликті ұсынбақпыз. Бейнероликте партия қатарында кімдер бар, партиялықтар отандастары үшін не тындыруда, сайлауалды бағдарламасында партия не ұсынатындығы түсінікті түрде толық баяндалған.Ең алдымен, бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. Партия мүшелерінің жалпы сан…

0
0
245

Болашақ педагогтар «NUR OTAN» партиясының қатарына қосылды

Болашақ педагогтар «NUR OTAN» партиясының қатарына қосылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында партбилеттер Екатерина Тихоноваға және Бағдатжан Жүсіпке тапсырылды. Екатерина 21 жаста. Ол Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің төртінші курс студенті, болашақ математика мұғалімі. - Мен үш тілде сабақ беремін, - дейді Екатерина. - Қазір бізде барлық бейіндік пәндер қазақ және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мен практиканы НЗМ-де өттім. Олардан жұмыс туралы ұсыныс келіп түсті. Университетті тәмамдағаннан соң олар мені штатқа қабылдауға дайын. Қазір Екатерина білім алуда және репетиторлық қызметпен айналысады. Бірінші курстан бастап ол ерікті студент ретінде партиялық іс-шараларға қатысады. Адамдармен жұмыс жасағанды ұнатады. Жүсіп Бағдатжан биыл магистратураға түсті, екі шет тілін біледі…

"ҚазҒЗЖИмұнайгаз" филиалы ұжымымен тікелей эфирде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Облыстық маслихат депутатына кандидаттар Марат Себасов пен Киікбай Ешманов "ҚазҒЗЖИмұнайгаз" филиалы ұжымымен тікелей эфирде үгіт-насихат жұмысын жүргізді."Nur Otan" партиясының атынан облыстық маслихат депутатына кандидаттар Марат Себасов пен Киікбай Ешманов партияның сайлауалды бағдарламасын толық таныстыру мақсатында "ҚазҒЗЖИмұнайгаз" филиалы ұжымымен тікелей эфирде үгіт-насихат жұмысын жүргізді.Кездесу барысында партияның бүгінгі жетістігі мен алдағы жетістікке жету жолындағы басым бағыттары түсіндірілді.Сондай-ақ ұжым тарапынан көптеген әлеуметтік мәселелерге қатысты сұрақтар мен ұсыныстар айтылды.Атап айтқанда, Ақтау қаласы, 16-шағын ауданы, 63-үй "LePes" ТҮК газ мәселесі, тоқтың жиі сөнуі шешілмей тұрғаны, Ақтау қаласының 28 ш/а 17 үйінің алдында салынған футбол алаңы бұзылып, жаңа…

0
0
165

Тұрғындармен ашық диалог өтті

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз етілді. Сондай-ақ, партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.

Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық.

Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты тұщымды жауаптар алды.

0
0
198

БПҰ "Жетібай-2" мүшелерімен кездесу өткізді.

Біздің сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! - ол еліміз үшін күрделі кезеңдердегі қоғамымыздың басты біріктіруші мақсаты мен құндылықтарын көрсетеді. Онда Елбасы айтқан жетістіктің үш негізгі қағидаты бар. Бұл - жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттар мен мақсаттарды ұстану. Соған орай

бүгін Облыстық мәслихат депуттатығына үміткер Аманиязова Мейрамгүл Базарбайқызы және аудандық мәслихат депуттатығына үміткер Таджибаев Ерлан Қарақия ауданы, Жетібай ауылында БПҰ "Жетібай-2" мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен сайлау ережелері талқыланды және де сайлаудың өту барысы, қалай дауыс беретіндіктері түсіндірілді .

0
0
112