Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық сайлауалды штаб мүшелері білім саласының қызметкерлерімен онлайн кездесуі

Қалалық сайлауалды штаб мүшелері білім саласының қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

Шара аясында штаб мүшелері "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы ел дамуының алдағы 5 жылға арналған жоспары.

Соның ішінде, басты басымдық білім саласына беріліп отыр.

Партия ұсынып отырған бағдарламада 800 жаңа мектеп салу және шағын қалаларда, аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектепті жаңғырту жоспарлануда. Бұл 2025 жылға қарай апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, партия 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ын мектепке дейінгі біліммен қамтуды көздеп отыр. Білім беру саласында амбициялық, бірақ орындалатын міндеттер қойылған. Негізгі шаралардың бірі - педагогтардың жалақысын 2 есеге арттыру. Бұл білім саласы қызметкерлері үлін жағымды жаңалық болды.

Жиын соңында қалалық сайлауалды штаб мүшелері барлығын партияға қолдау көрсетіп, сайлауға белсенді атсалысуға шақырды!

0
0
116

Осы тақырып бойынша

Қалалық сайлауалды штаб мүшелері білім саласының қызметкерлерімен онлайн кездесуі - Yvision.kz