Тарбағатай аудандық сайлауалды штабының қабылдау бөлмесінде кандидаттар азаматтарды қабылдады.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Тарбағатай аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тізімге енген кандидаттар М. Рахманкулов, М.Мұқышев азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Карантинге байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қабылдаулар өткізілді. Кездесу барысындағы басты мәселелер жер беру мәселесі, интернетті жақсарту, жұмыспен қамту, еріктілерді қолдау және т.б. мәселелер талқыланды. Барлығына түсініктемелер беріліп, ұсыныс-тілектері қабылданды.