Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Облыстық және қалалық сайлауалды штаб мүшелері Маңғыстау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Бүгінде ХҚКО - да цифрландыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз уақытында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын таныстыру барысында айтылған мәліметтерді ескеріп, еліміздің экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізудің маңыздылығын атап өткен болатын. Сонымен қатар, цифрландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәсекеге қабілеттігін, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет екенін де атап өткен. Цифрландыру саясатының негізгі мақ­саты – халыққа қызмет көрсету орталық­тарының ісін оңтайландыру. Бүгінгі таңда электронды үкімет порталы арқылы кез келген мемлекеттік қызметке онлайн қол жеткізу мүмкіндігі туды. Бұл әсіресе биыл әлемге таралған пандемия кезеңінде оң септігін тигізіп, қолайлы болды. Әсіресе, азаматтарды тіркеу, есептен шығару, құжаттандандыру, құжаттарды қабылдау сынды қызметтер түрлерін үйден шықпай- ақ, алу мүмкіндігі туды.

Облыстық штаб мүшелері "Nur Otan" партиясы да цифрландыру жолында жұмыстанып жатқанын жеткізді.

Өз кезегінде жиынға қатысушылар «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысына оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын жеткізді.

0
0
144

Осы тақырып бойынша

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде - Yvision.kz