Мазмұнға өту

Жаңа

Ертеңіміз бен бүгініміз бір Көшбасшымен

«Jas Otan» жастар қанатының белсенділері Бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен дебат турнирін өткізді. Кездесуді «Jas Otan» ЖҚ өкілі Ахмад Каимов жүргізді.Жастар «Ертеңіміз бен бүгініміз бір Көшбасшымен» тақырыбында пікір алмасып, мағыналы дискуссия өткізді. Диас Ахметов Тәуелсіз Қазақстанда туып-өскеніне мақтанатынын және туған елінің дамуына үлес қосуға дайын екенін жеткізді.Альбина Иванова замандастарына арнап мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқыту курстарын жүргізуді жоспарлайтынын айтты.— Біз бейбіт, күннен-күнге көркейіп келе жатқан елде тұрып жатырмыз. Осының барлығы — Елбасымыздың арқасында, — деді Альбина. — Менің курстарымның қатысушылары көп болады деп сенемін және замандастарыма мемлекеттік тілді меңгеруге көмектесуге дайынмын.«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауа…

0
0
121

Ардагерлермен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясының ЕҚФ офисінде қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Татьяна Шмидтың интернационалист-жауынгерлер және Чернобыль ардагерлерімен кездесуі болды.

Жиын екі жақтың тікелей қатысуымен және онлайн-форматта өтті.

Кездесу барысында партияның қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Интернационалист-жауынгерлер мен Чернобыль ардагерлерінің өкілдері Екібастұз өңірінің және облыстың инфрақұрылымдық дамуына қатысты пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
206

Округ тұрғындарымен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясы қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Эльдар Абдинов пен Нияз Макраев Студенттік округ тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында Э. Абдинов пен Н. Макраев «Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесі — Мүліктің меншік иелері бірлестігі туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Кандидаттар қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

0
0
168