Жаңа
«Есіктен – Есікке» акциясы
Алматы қаласы, Бостандық ауданы бойынша кезекті «Есіктен – Есікке» акциясы өтті.
-------------------------------------------------
Очередная акция «От двери к двери» прошла в Бостандыкском районе Алматы.
#NurOtan #NurOtanAlmaty
16 желтоқсан тәуелсіздік күні
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің Тәуелсіздік күні құтты болсын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев сайлау алдындағы...
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаев сайлау алдындағы үгіт-насихат аясында -" Кандидатқа сұрақ қой» тақырыбы бойынша әлеуметтік желісінде кездесу өткізді.
Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ белсенділері және партияның сенімді өкілдері сайлауалды бағдарламаны түсіндіру бойынша Аягөз қаласы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!
"Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтжанов
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Оспанов онлайн кездесу өткізді
Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Оспанов "Атамекен" аудандық филиалының өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Тәуелсіздік-Мәңгілік елдің тұғыры»
16 Желтоқсан
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

