Сұрақтарға жауап берді
Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Айгүл Нуркина мен Вера Ким екібастұздықтармен бейнеконференция арқылы кездесу өткізді. Олар жиын қатысушыларын партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
— Біздің партия аймақ тұрғындарының үмітіне сай болу, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады, — деп айтып өтті Айгүл Нуркина. — «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады.
Өз кезегінде Вера Ким: «Біз бірге аймақтың әрбір тұрғыны жайлы өмір сүруге, дамуға және өзін-өзі жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктерге ие болатын әл-ауқат қоғамын құрамыз», — деп атап өтті.
Қала тұрғындары кандидаттарға білім беру және денсаулық сақтау саласы, еріктілер қозғалысын дамыту, қала жолдарының жөнделуі мен инфрақұрылымдық дамуы туралы сұрақтар қойды.
Екібастұз қалалық сайлауалды Штабының баспасөз қызметі.
