Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Шет ауданының мәдениет үйінде Ақсу -Аюлы ауылында

Бүгін Шет ауданының мәдениет үйінде  Ақсу -Аюлы ауылында

Тәуелсіздік күніне орай "Тұғырлы биік - Тәуелсіз Қазақстан" атты мерекелік іс шара өтті мерекелік шара барысында ауданымыз әкімі М.С Мұхтаров барша қазақ халқын және ауданымыздын халқын құттықтады.

0
0
212

Nur Otan сайлауалды штабы Шымкентке келді

Билеуші партияның Республикалық сайлауалды штабы Шымкентке келді. Шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы 5 жылда Шымкент қаласында сайлауалды бағдарлама аясында 42 мектеп пен 22 медициналық мекеменің құрылысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Қала шетіндегі 620 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен, табиғи газбен және электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Әсіресе, әлеуметтік мұқтаж азаматтарға арналған 3 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға баса мән беріледі. Ол үшін 3,5 мың пәтер салынады.

Сапар барысында сайлауалды штаб мүшелері қаладағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Олардың қатарында «AZALA Textile» мақта-мата комбинатына да барды.

Жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек қауіпсіздігі жағдайын жақсарту, өндірістік жарақат алуды азайту және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілігін күшейту және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Жалпы, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкентте 80 мың жұмыс орнын құра отырып, 23 жаңа кәсіпорын ашу жоспалануда.

Шымкент сапары барысында нұротандықтар «Jas Otan»-ның белсенді жастарымен де жүздесіп, оларға үгіт-насихат науқанына аянбай атсалысып жатқандары үшін алғыс білдірді.

Сол күні «Nur Otan» өкілдері Қаратау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында қала тұрғындарымен ашық әңгімелесті.

Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбектің айтуынша, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл жасау үшін 5 жыл ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті 100% цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр. Сонымен бірге халыққа қолайлы болу үшін мемлекеттік органдардың барлық ақпараты бірыңғай жүйеге интеграцияланады.

«Халықпен бірлесе отырып қана біз жемқорлықты жоя аламыз! «Nur Otan» саяси қызметшілердің, соттардың, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, пара берушілер мен пара алушылардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатаңдатуды көздеп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа шатылған жандардың квази және мемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл ретте жемқорлардан тәркіленген барлық мүлік азаматтарымыздың әлеуметтік қажеттіліктеріне бағытталады. «Nur Otan»-ға, яғни нақты істер мен мақсаты айқын партияға дауыс беріңіздер!», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Билеуші партияның сайлауалды бағдарламасымен толығырақ nurotan2021.kz сайтынан танысуға болады.

#NurOtan #BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
173

16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік – бұл біздің ең қастерлі де қасиетті, баға жетпес құндылығымыз!

Біз қазір тәуелсіздіктің 30 жылдығына қарай қадам басып тұрмыз. Бұл тарихи тұрғыдан алғанда аз уақыт болғанымен, дербестігімізді алған осы кезең ішінде Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен ғасырға бергісіз жолды жүріп өттік.

Бұл күн – бабаларымыздың сан ғасырлық арман-тілегі орындалған Ұлы Күн! Шекарамыз шегенделіп, Туымыз төрге ілініп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз елдігімізді көрсеткен Ұлық Күн!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, Тәуелсіздігімізді сақтау, елімізді, ауданымызды өркендету жолында аянбай еңбек етейік дегіміз келеді.

Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!

Құрметпен, "Nur Otan" партиясы Түпқараған аудандық филиалының ұжымы.

0
0
230

«Есіктен есікке» акциясы

Акция барысында аудан халқының шаңырақтарына арнайы барып, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Аудан тұрғындары өз тараптарынан үйме-үй кіріп насихаттық жұмыстарын жүргізіп, талап-тілектерін тыңдауға келген партия өкілдеріне алғыс білдірді.  Ақшұқыр ауылының тұрғыны Едилова Дина партиядан жұмыссыздық туралы сұрақтарын қойып, ауыл жағдайына қанағаттанатынын, балаларының оқуда екенін айта отырып ауылдың даму жолында жастарға арналған орталықтардың ашылуы жөнінде ұсыныстарын айтты.

Акция бір ай бойы үгіт-насихат шаралары аясында жалғасын табады.

0
0
162

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлық бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті. Адам баласы сияқты, мемлекет те өмірінде екі ғұмырлық босағаны аттайды. Біріншісі – жарық дүниенің есігін ашу, екіншісі – ересек өмірдің табалдырығын басу. Екеуі де – қайталанбас, қастерлі мезеттер. Бұл – Әбу Насыр әл-Фарабидің айтып кеткен орамды сөзі, өнегелі өсиеті.

Тәуелсіздігімізді орнықтырудың ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың кемеңгер саясатының нәтижесінде ортақ мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылған баршамыз Тәуелсіз мемлекетімізді бірлесіп құруға мүмкіндік алдық.

Осылайша, Қазақстан әлемдік тарих бетінде Тәуелсіз Ел ретіндегі жаңа парақтарын бастады. Бүгінде ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылған мемлекетіміздің толағай табыстары орасан. Тілегі татулыққа негізделген қазақ елін бүгінде әлем бейбітшілік бесігі деп мойындайды.

Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің экономикасы қарыштап даму үстінде болып, көп ұлтты, бірлігі жарасқан, ынтымағы бекем, келешегі кемел ел болдық.

Құрметті тәуелсіз елдің азаматтары!

Сіздерді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болғай!

"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
430

"Тәуелсіздік" в г. Алматы!

Члены комиссии партийного контроля Аузовского района возложили цветы к монументу "Тәуелсіздік" в г. Алматы!
Поздравляем с Днём независимости Казахстана! Желаем, чтобы наша страна процветала, чтобы был мир и согласие. Пусть Казахстан славится богатыми традициями, дружелюбным народом и радушием!
@nur_otan_almaty

0
0
141