Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шықты

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мұхаметқайыр Андосов екібастұздық сайлаушылармен онлайн-кездесу өткізді.

Кандидат қала тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, денсаулық пен береке-бірлік тіледі.

Мұхаметқайыр Андосов кешегі түннен бері Екібастұздың «қызыл» аймақтан шығып, блокбекеттердің алынып тасталғанын айтты. Дегенмен, бұл коронавирус індетінің таралу қаупі азайды деген сөз емес. Проблеманы қыс мезгілінде кең таралатын грипп, ЖРВИ мен ЖРА үдетуде. Кандидат екібастұздықтарды карантитн шараларын қатаң ұстанып, жақындарының денсаулығына көп көңіл бөлуге шақырды.

М.Андосов қалалықтардың сұрақтарына жауап берді.

«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
114

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шықты - Yvision.kz