Мазмұнға өту

Жаңа

Зауыт жұмыскерлерінің сұрақтарына жауап берді

Бүгін «Nur Otan» партиясы ЕҚФ офисінде «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Серік Макаров, Арман Амургалинов, Рустамжан Мамаджанов ТКЖЖ зауытының жұмыскерлерімен  онлайн-кездесу өткізді.

Диалог кезінде партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.

ТКЖЖ зауытының жұмыскерлері пандемияның қазіргі ахуалы, қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмысы, қаланың инфрақұрылымы туралы сұрақтар қойды. Зауыт жұмыскері Инна Абельдинова азық-түлік және көпшілік қолды тауарларына бағаның өсу проблемасын көтерді.

«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
136

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесті

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұқаралық спортты дамыту, ерекше балаларға көмек көрсету және денсаулық сақтау саласын сандандыру туралы айтылды.

Онлайн-кездесуге «NUR OTAN» партиясынан бірден төрт үміткер қатысты.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қымбат Матай небәрі 29 жаста. Ол жалпы білім беретін мектептердегі логопед-мұғалім, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға білім береді.

Қымбат әрдайым ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғайды. Ол мұндай балалардың сапалы білімге қол жеткізуі тиіс екеніне сенімді.

- Қайда жүгінуге болады? Менің балам сөйлемейді. Мүмкін Павлодарда мамандар бар шығар?,- деген сұрақ қойды онлайн-кездесуге қатысушылардың бірі.

Өз жауабында Қымбат ПМПк мекемесі жайында айтты.

- Павлодарда қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жұмыс істейді. Онда баруға болады. Олар диагнозды нақтылауға көмектеседі. Сізге және балаға алты маман, соның ішінде психолог және невропатолог кеңес береді, қорытынды жасайды, әрі қарай қалай не істеу керектігін айтады. Мұның бәрі тегін, - деп түсіндірді Қымбат Матай.

Содан кейін Айгүл Маликова партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді.  Жас ана және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Санира Жусупова денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударды.

- Онлайн-медицинаны дамытып, дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету қажет. Тек карантиндік шаралар аясында ғана емес, жалпы стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде де, - дейді Санира Жусупова.

Вячеслав Кнутас қазір спортты дамытуға ерекше назар аудару керек деп сендіреді. Бірінші кезекте – балалар.

- Біз бұқаралық спортты дамытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды қолдаймыз. Бұрын кәсіби спорт клубтарын ұстауға арналған қаржы қаражаты балалар спортын дамытуға бағытталатын болады. Балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың жалақысы өседі. Балалар-жасөспірімдермен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың саны артады, оның ішінде ауылдық жерлерде де, – деді Вячеслав Кнутас.

Оның айтуынша, партия мүшелері Павлодарда екі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені, шаңғы-роллер трассасы, олимпиадалық резервті даярлау орталығының салынуына қол жеткізетін болады. Аулаларда жаңа балалар ойын алаңдары, футбол алаңдары мен түрлі тренажерлер орнатылады.

- Бүгін біз Кенжекөл тұрғындарымен кездесудеміз, сондықтан толықтырамын. Жергілікті аула клубында жөндеу жұмыстары жүргізілді. МС аяқталды. Ауылды абаттандыру жұмыстары жалғасады. 2023 жылы Кенжекөл ауылдық округінің Байдалы ауылында ФАП салу жоспарлануда, - деп қорытындылады қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Айгүл Маликова.

________________

Встречу с жителями села Кенжеколь провели кандидаты в депутаты городского маслихата. Говорили о развитии массового спорта, помощи особенным детям и цифровизации сферы здравоохранения.

В онлайн-встрече участвовали сразу четыре кандидата от партии «NUR OTAN».

Кандидату в депутаты городского маслихата Кымбат Матай всего 29 лет. Она учитель-логопед в общеобразовательной школ, к ней на занятия приводят детей с нарушениями речи. 

Кымбат всегда отстаивает права детей с особыми образовательными потребностями. Она уверена, что у таких ребят должен быть доступ к качественному образованию. 

- Куда мне обратиться? Мой ребенок не разговаривает. Может, в Павлодаре есть специалисты?, - задал вопрос один из участников онлайн-встречи. 

В ответ Кымбат рассказала мужчине о таком учреждении как ПМПк.

- В Павлодаре работает Городская психолого-медико-педагогическая консультация. Можно обратиться туда. Они помогут с уточнением диагноза. Вас и ребенка проконсультируют шесть специалистов, включая психолога и невролога, выдадут заключение, расскажут, как вам действовать дальше. Все это абсолютно бесплатно, - объяснила Кымбат Матай.

Затем Айгуль Маликова рассказала об основных направлениях предвыборной программы партии.  Молодая мама и кандидат в депутаты городского маслихата Санира Жусупова обратила внимание на проблемы здравоохранения. 

- Нужно развивать онлайн-медицину, работать над бесперебойным обеспечением лекарственными средствами. И не только в рамках карантинных мер, но и в целом - при стационарном и амбулаторном лечении, - уверена Санира Жусупова.

Вячеслав Кнутас настаивает на том, что сейчас особое внимание нужно уделить развитию спорта. В первую очередь – детского.

- Мы выступаем за развитие массового спорта и популяризацию здорового образа жизни. Финансовые средства, которые ранее предназначались для содержания профессиональных спортивных клубов, будут направлены на развитие детского спорта. Будет увеличена зарплата тренерам, работающим с детьми. Увеличится количество детско-подростковых и детско-юношеских, в том числе – в сельской местности, - рассказал Вячеслав Кнутас. 

По его словам, партийцы будут добиваться того, чтобы в Павлодаре были построены два новых физкультурно-оздоровительных комплекса, лыжероллерная трасса, Центр подготовки олимпийского резерва. Во дворах будут установлены новые детские игровые площадки, футбольные поля и различные тренажеры.

- Мы сегодня встречаемся с жителями Кенжеколя, поэтому дополню. Уже сделан ремонт в местном двором клубе. Достроен ДК. Продолжится работа по благоустройству села. В 2023 году в селе Байдалы Кенжекольского сельского округа планируется построить ФАП, - подытожила кандидат в депутаты городского маслихата Айгуль Маликова.

0
0
192

"Сенің даусың - маңызды" кең көлемдегі акциясы "Шаруа" базарында өтті.

"Сенің даусың - маңызды" кең көлемдегі акциясы "Шаруа" базарында  өтті. Акцияға Жезқазған қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Мархаббат Аймағанбетова, Ерлан Кенжебеков пен Әбдірахмен Досанов қатысты.

Олар сатып алушыларды әңгімеге тартып, ел болашағын айқындайтын саяси додаға белсене қатысып, өз дауыстарың туған жердің өркендеуіне аянбай еңбек етуге дайын "нұротандық" кандидаттарға беруге шақырды.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
170

Шағынаудан тұрғындарымен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мирхат Мұсанап, Серік Сәдуақасов, Мұхаметқайыр Андосов, Темірхан Әбілезов, Михаил Цыбанев, Ерболат Конурбаев  №19 шағынауданның тұрғындарымен кездесті.

Кездесу Королев көшесі, 70-үй мекен-жайында және онлайн форматта қатар өтті.

Жиын кезінде партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының тезистері талқыланды. №19 шағынауданның тұрғындары үйлерді басқарудың жаңа жүйесі — Мүліктің меншік иелері бірлестігі, кварталішілік аумақтарды абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын орналастыру, жылу энергиясын тұтыну үшін төлемақыны қайта есептеу мәселелері бойынша сұрақтар қойды. (Ақпарат үшін. Құрметті тұтынушылар!

Екібастұз қаласындағы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді іске қосуда.

Техникалық жаңылыс салдарынан КҚТҮ тұратын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға ОЖБ-дан қуатталған ыстық сумен жабдықтау үшін тарифтік есептеу дұрыс жүргізілмеген. Желтоқсан айында қайта есептеу іске асатын болады. Төлем құжаттарында кез келген сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, сіздерден жазбаша түрде немесе 76-46-68 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз).

Шағынаудан тұрғыны Гүлзира Жаңылбаева моноқалаларды дамытуға бағытталған бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы сұрақ қойды:

— Біздің үйіміз, әсіресе, шатыр көптен бері жөндеуді қажет етіп тұр.  Бұл мәселелерді көршілерімізбен талқылап, жауапты тұлғаларды белгілеп қойдық. Бірақ, жөндеу жұмыстары шығынының айлық төлемін барлығы көтере алмайды.

Кандидаттар кездесу барысында көтерілген сұрақтар міндетті түрде Қоғамдық қабылдау бөлмесіне тапсырылатынын айтты.

«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
208

#NurOtanғаДауысБер

"Nur Otan" партиясы ауданды дамытудың осы жеті басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады.
Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау.
“NurOtan” партиясының 1. Экономикалық тұрақты аудан.
2. Жайлы аудан.
3. Әлеуметтік-бағытталған аудан.
4. Жастарға арналған аудан.
5. Бай тарихы мен мәдениеті бар аудан.
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
7. Қауіпсіз ауданы басымдық бағытарына негізделген сайлауалды бағдарламасында қазіргі күнде үлкен жұмыс атқарып жүрген ұстаздарға да көңіл бөледі. Осыған дейін де “NurOtan”партиясы мұғалімдердің жалақысын көтеру мен еңбегін бағалау кезінде үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Елбасының тапсырмасына орай, жылдан жылға ұстаз еңбегі тиісті деңгейде бағаланып отыр. Сондықтан да болашақ ұрпаққа білім беріп отырған ұстаздар “NurOtan”партиясын сайлауда барынша қолдайды деп ойлаймын және қолдауға шақырамын.
Турлубекова Айгул Кошербеккызы.
Блял Тналин атындағы Берсуат орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары,химия пәні мұғалімі.

0
0
225

«Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық маслихатына үміткер Ж.Б. Танирбергенұлының онлайн кездесуі

2020 жылдың 17 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық маслихатына үміткер Жарылгапов Бек Танирбергенұлы  кездесу өткізді.

🔸Үміткер  “Nur Otan”  партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, қаламыздың қалалық аурухананың қызметкерлерімен  “ZOOM” платформасында кездесу өткізді.

🔸Кездесу аясында 2020 жылғы атқарылған іс-шаралар жайында, алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар жөнінде сөз қозғалды!

📢Баршаңызды “NUR OTAN» партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
226

"Есіктен есікке" үгіт-насихат акциясы Ақтоғай ауданы ауылдарында өз жалғасын табуда!

"Есіктен есікке" үгіт-насихат акциясы Ақтоғай ауданы ауылдарында өз жалғасын табуда!Партияға, яғни "Nur Otan" - нақты істер партиясына дауыс беріңіз!

1
0
170

Жаңаарқа ауданындағы сайлаушылармен кездесулері жалғасуда

NurOtan партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы барысында партияның кандидаттары мен сенімді өкілдерінің Жаңаарқа ауданындағы сайлаушылармен кездесулері жалғасуда.

Бүгін партия сенімді өкілі Жаңаарқа кентінің тұрғыны, тыл еңбеккері, еңбек ардагері Рысмағанбетова Шәрбан апаның өз үйінде агитациялық кездесу өткізді.

Өмір жолындағы естеліктерін әңгімелеген, Шәрбан апа, партияның ардагерлерді ардақтау бағытындағы атқарып отырған қызметіне ризашылығын білдіріп, сайлауда NurOtan партиясын қолдайтынын жеткізді.

0
0
173