Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шағынаудан тұрғындарымен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мирхат Мұсанап, Серік Сәдуақасов, Мұхаметқайыр Андосов, Темірхан Әбілезов, Михаил Цыбанев, Ерболат Конурбаев №19 шағынауданның тұрғындарымен кездесті.

Кездесу Королев көшесі, 70-үй мекен-жайында және онлайн форматта қатар өтті.

Жиын кезінде партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының тезистері талқыланды. №19 шағынауданның тұрғындары үйлерді басқарудың жаңа жүйесі — Мүліктің меншік иелері бірлестігі, кварталішілік аумақтарды абаттандыру, балалар және спорт алаңдарын орналастыру, жылу энергиясын тұтыну үшін төлемақыны қайта есептеу мәселелері бойынша сұрақтар қойды. (Ақпарат үшін. Құрметті тұтынушылар!

Екібастұз қаласындағы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді іске қосуда.

Техникалық жаңылыс салдарынан КҚТҮ тұратын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға ОЖБ-дан қуатталған ыстық сумен жабдықтау үшін тарифтік есептеу дұрыс жүргізілмеген. Желтоқсан айында қайта есептеу іске асатын болады. Төлем құжаттарында кез келген сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, сіздерден жазбаша түрде немесе 76-46-68 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз).

Шағынаудан тұрғыны Гүлзира Жаңылбаева моноқалаларды дамытуға бағытталған бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы сұрақ қойды:

— Біздің үйіміз, әсіресе, шатыр көптен бері жөндеуді қажет етіп тұр. Бұл мәселелерді көршілерімізбен талқылап, жауапты тұлғаларды белгілеп қойдық. Бірақ, жөндеу жұмыстары шығынының айлық төлемін барлығы көтере алмайды.

Кандидаттар кездесу барысында көтерілген сұрақтар міндетті түрде Қоғамдық қабылдау бөлмесіне тапсырылатынын айтты.

«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Шағынаудан тұрғындарымен кездесті - Yvision.kz