Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зауыт жұмыскерлерінің сұрақтарына жауап берді

Бүгін «Nur Otan» партиясы ЕҚФ офисінде «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Серік Макаров, Арман Амургалинов, Рустамжан Мамаджанов ТКЖЖ зауытының жұмыскерлерімен онлайн-кездесу өткізді.

Диалог кезінде партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.

ТКЖЖ зауытының жұмыскерлері пандемияның қазіргі ахуалы, қызмет көрсету кәсіпорындарының жұмысы, қаланың инфрақұрылымы туралы сұрақтар қойды. Зауыт жұмыскері Инна Абельдинова азық-түлік және көпшілік қолды тауарларына бағаның өсу проблемасын көтерді.

«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.

Осы тақырып бойынша

Зауыт жұмыскерлерінің сұрақтарына жауап берді - Yvision.kz