Жаңаарқа ауданындағы сайлаушылармен кездесулері жалғасуда
NurOtan партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы барысында партияның кандидаттары мен сенімді өкілдерінің Жаңаарқа ауданындағы сайлаушылармен кездесулері жалғасуда.
Бүгін партия сенімді өкілі Жаңаарқа кентінің тұрғыны, тыл еңбеккері, еңбек ардагері Рысмағанбетова Шәрбан апаның өз үйінде агитациялық кездесу өткізді.
Өмір жолындағы естеліктерін әңгімелеген, Шәрбан апа, партияның ардагерлерді ардақтау бағытындағы атқарып отырған қызметіне ризашылығын білдіріп, сайлауда NurOtan партиясын қолдайтынын жеткізді.
