Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесті

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Кенжекөл ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұқаралық спортты дамыту, ерекше балаларға көмек көрсету және денсаулық сақтау саласын сандандыру туралы айтылды.

Онлайн-кездесуге «NUR OTAN» партиясынан бірден төрт үміткер қатысты.

Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Қымбат Матай небәрі 29 жаста. Ол жалпы білім беретін мектептердегі логопед-мұғалім, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға білім береді.

Қымбат әрдайым ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғайды. Ол мұндай балалардың сапалы білімге қол жеткізуі тиіс екеніне сенімді.

- Қайда жүгінуге болады? Менің балам сөйлемейді. Мүмкін Павлодарда мамандар бар шығар?,- деген сұрақ қойды онлайн-кездесуге қатысушылардың бірі.

Өз жауабында Қымбат ПМПк мекемесі жайында айтты.

- Павлодарда қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес жұмыс істейді. Онда баруға болады. Олар диагнозды нақтылауға көмектеседі. Сізге және балаға алты маман, соның ішінде психолог және невропатолог кеңес береді, қорытынды жасайды, әрі қарай қалай не істеу керектігін айтады. Мұның бәрі тегін, - деп түсіндірді Қымбат Матай.

Содан кейін Айгүл Маликова партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Жас ана және қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Санира Жусупова денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударды.

- Онлайн-медицинаны дамытып, дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету қажет. Тек карантиндік шаралар аясында ғана емес, жалпы стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде де, - дейді Санира Жусупова.

Вячеслав Кнутас қазір спортты дамытуға ерекше назар аудару керек деп сендіреді. Бірінші кезекте – балалар.

- Біз бұқаралық спортты дамытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды қолдаймыз. Бұрын кәсіби спорт клубтарын ұстауға арналған қаржы қаражаты балалар спортын дамытуға бағытталатын болады. Балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың жалақысы өседі. Балалар-жасөспірімдермен жұмыс істейтін жаттықтырушылардың саны артады, оның ішінде ауылдық жерлерде де, – деді Вячеслав Кнутас.

Оның айтуынша, партия мүшелері Павлодарда екі жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені, шаңғы-роллер трассасы, олимпиадалық резервті даярлау орталығының салынуына қол жеткізетін болады. Аулаларда жаңа балалар ойын алаңдары, футбол алаңдары мен түрлі тренажерлер орнатылады.

- Бүгін біз Кенжекөл тұрғындарымен кездесудеміз, сондықтан толықтырамын. Жергілікті аула клубында жөндеу жұмыстары жүргізілді. МС аяқталды. Ауылды абаттандыру жұмыстары жалғасады. 2023 жылы Кенжекөл ауылдық округінің Байдалы ауылында ФАП салу жоспарлануда, - деп қорытындылады қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Айгүл Маликова.

________________

Встречу с жителями села Кенжеколь провели кандидаты в депутаты городского маслихата. Говорили о развитии массового спорта, помощи особенным детям и цифровизации сферы здравоохранения.

В онлайн-встрече участвовали сразу четыре кандидата от партии «NUR OTAN».

Кандидату в депутаты городского маслихата Кымбат Матай всего 29 лет. Она учитель-логопед в общеобразовательной школ, к ней на занятия приводят детей с нарушениями речи.

Кымбат всегда отстаивает права детей с особыми образовательными потребностями. Она уверена, что у таких ребят должен быть доступ к качественному образованию.

- Куда мне обратиться? Мой ребенок не разговаривает. Может, в Павлодаре есть специалисты?, - задал вопрос один из участников онлайн-встречи.

В ответ Кымбат рассказала мужчине о таком учреждении как ПМПк.

- В Павлодаре работает Городская психолого-медико-педагогическая консультация. Можно обратиться туда. Они помогут с уточнением диагноза. Вас и ребенка проконсультируют шесть специалистов, включая психолога и невролога, выдадут заключение, расскажут, как вам действовать дальше. Все это абсолютно бесплатно, - объяснила Кымбат Матай.

Затем Айгуль Маликова рассказала об основных направлениях предвыборной программы партии. Молодая мама и кандидат в депутаты городского маслихата Санира Жусупова обратила внимание на проблемы здравоохранения.

- Нужно развивать онлайн-медицину, работать над бесперебойным обеспечением лекарственными средствами. И не только в рамках карантинных мер, но и в целом - при стационарном и амбулаторном лечении, - уверена Санира Жусупова.

Вячеслав Кнутас настаивает на том, что сейчас особое внимание нужно уделить развитию спорта. В первую очередь – детского.

- Мы выступаем за развитие массового спорта и популяризацию здорового образа жизни. Финансовые средства, которые ранее предназначались для содержания профессиональных спортивных клубов, будут направлены на развитие детского спорта. Будет увеличена зарплата тренерам, работающим с детьми. Увеличится количество детско-подростковых и детско-юношеских, в том числе – в сельской местности, - рассказал Вячеслав Кнутас.

По его словам, партийцы будут добиваться того, чтобы в Павлодаре были построены два новых физкультурно-оздоровительных комплекса, лыжероллерная трасса, Центр подготовки олимпийского резерва. Во дворах будут установлены новые детские игровые площадки, футбольные поля и различные тренажеры.

- Мы сегодня встречаемся с жителями Кенжеколя, поэтому дополню. Уже сделан ремонт в местном двором клубе. Достроен ДК. Продолжится работа по благоустройству села. В 2023 году в селе Байдалы Кенжекольского сельского округа планируется построить ФАП, - подытожила кандидат в депутаты городского маслихата Айгуль Маликова.

0
0
156

Осы тақырып бойынша