Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan жастарды қолдайды

Жиында алдымен сөз сөйлеген Алмагүл Бекенова биылғы пандемия кезінде мемлекет және партия тарапынан халыққа берілген әлеуметтік көмек туралы айтып, өңірде шағын және орта бизнеске қандай қолдау көрсетілгенін жеткізді.

— Төтенше жағдай кезеңінде елімізде, оның ішінде облыста азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде 42,5 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы берілді. Атап айтсақ, біздің облыста мұндай көмек мәжбүрлі демалыстағы 424,1 мың қызметкерге төленді. Сондай-ақ өңірде 5,3 мың аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7,1 мың балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді. Мұнымен қатар Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында Nur Otan партиясының мүшелері мен еріктілер 50 мыңнан астам отбасына азық-түлік пакеттерін жеткізіп, 50 мың теңгеден 50 мың адам көмек алды. Ал шағын және орта бизнес саласындағы дағдарысқа ұшыраған бизнес жобаларға 140 миллион теңге грант бөлініп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясындағы жобаларға 46,3 миллиард теңге қарастырылды. Бұл алдағы уақытта 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, — деді ол.

Бұдан кейін кездесуде үміткер Жұлдыз Қожабекова жастар мәселесіне қатысты бағдарламада көрсетілген алдағы бес жылда жүзеге асырылатын жобалар туралы айтып берді.

Оның айтуынша, өңірде 2025 жылға қарай партия мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, жастардың жұмыспен қамтылуына, шығармашылық және іскерлік тұрғыдан өзін-өзі дамытуына жағдай жасауға баса назар аударады. Атап айтсақ, алдағы жылдары «7-20-25» бағдарламасы аясында өңірдегі жас отбасылар тұрғын үймен, жұмыспен қамтылып, жастар бастамаларын дамыту мақсатында облыс бойынша 14 орталық жұмыс жасайтын болады.

— Алдағы бес жылда облыста студенттерге арналған 1340 орындық 5 жатақхана салынады. Сондай-ақ жыл сайын жастарға жеке ісін ашуға және бизнесін жүргізу үшін облыс әкімінің 20 гранты бөлінеді. Бұдан бөлек жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін жұмысқа орналастыру үшін ірі компаниялармен келісімге қол қою жүзеге асырылмақ, — деді Ж.Қожабекова.

Кездесу барысында үміткерлер оқытушылар мен студенттердің қойған сауалдарына жауап беріп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Басқосуда қала жастары атынан сөз сөйлеген университет студенттері ауыл жастарын жұмыспен және тұрғын үймен қамтуға арналған «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы тәрізді қала жастарына бағытталған нақты бағдарлама болса, қала ішінде қоғамдық көлікпен қатынау үшін арнаулы және жоғары оқу орнының білім алушыларына қолайлы жағдай жасалса деген тілектерін айтты.

Кездесу соңында үміткерлер университет оқытушылары мен студенттер тарапынан қоғамдық көлік қозғалысы, спорттық алаңдар мен балалар алаңдарын, сондай-ақ аялдамалар салу, жаяу жүргіншілер жолының қауіпсіздігі, т.б. бірқатар сауалдарға жауап берді.

Айта кету керек, бүгінгі күні 85 жылдық тарихы бар өңірлік университетте 15 мыңға жуық студент білім алуда. Алдағы жылы осы оқу орнының түлектері мемлекеттік бағдарламалар аясында еңбекке орналастырылып, баспанамен қамтылады. Сондай-ақ түлектертің жастарға арналған жобалар аясында жеке ісін ашуға мүмкіндігі бар.

«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

0
0
231

Осы тақырып бойынша

Nur Otan жастарды қолдайды - Yvision.kz