Алға ауданының Қарақұдық ауылында жол жөнделеді
Жергілікті тұрғындар ауылдың дамуы мен жастарды жұмыспен қамту, жеке кәсіп бастау үшін берілетін несие мен грант туралы сұрады.
«Партия бағдарламасында ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға басымдық берілген. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін асыл тұқымды ірі қара мал саны 25,1 пайыздан 27 пайызға арттырамыз. Сонымен бірге суармалы жер көлемі 4,8 мың гектарға ұлғаяды. Ауылда дәстүрлі емес шаруашылықты дамытуға мүмкіндік мол. Мәселен, бал шаруашылығы мен қоян өсіру табысты кәсіп. Алға ауданы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жыл сайын өндіру және өңдеуге арналған 5 жоба іске асырылады», - деді Нұрлан Давлетов.
Үміткер Қарақұдық ауылының жолы келер жылы жөнделетінін айтты. Ауылға көпбейінді спорт алаңына да салынады. Сонымен бірге 2025 ылы көпір қалпына келтіріледі. Жастарды жұмысқа орналасу үшін түрлі кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы құрылымы арасында меморандумға жасалады.
«Nur Otan» партиясы Ақтөбе облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
