"Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабы
Үржар ауданындағы "Есіктен есікке" акциясы жалғасын табуда..
Үржар ауданындағы "Есіктен есікке" акциясы жалғасын табуда..
Тұрғындарға Партия елдің үмітін ақтап, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіріп, халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтындығын жеткізді.
Сайлауалды бағдарламаны ауыл тұрғындарына насихаттап, сайлаушылар тарапынан түскен түрлі сұрақтарға жауап берді. Соның ішінде: мал шаруашылығын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, балық шаруашылығын да дамыту, демалыс орындарына баратын жолдарды реттеу сияқты сұрақтар келіп түсті.
Әр азаматтың жағдайы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші екенін айтып, партияның білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізу арқылы тұрғындардың өмір сүру жағдайларын арттыруға күш сала жұмыс істейтіндерін жеткізді.
Nur Otan” партиясының Түркістан қаласындағы облыстық мәслихат үмiткері Базарбай Мұсабеков және қалалық мәслихат үміткерлері Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Жансерік Жұман мемлекеттік туымызды дәріптеп өтті.
Жиынға қатысушылар 1986 жылы елдің жарқын болашағы үшін күресіп, тағдыр сынына ұшыраған азаматтарды еске алып, ту тұғыр маңына гүл шоқтарын қойды. Бұл шара жастардың патриоттық сезімін оятып, ел үшін аянбай қан төккен жандарға деген құрмет болып табылады.
Сайлау үміткерлері мен "жасотандықтар" жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, елге тыныштық, береке тіледі.
Үржар ауданындағы "Есіктен есікке" акциясы жалғасын табуда..
Бүгін Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Шұбарсу, Бадам ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынды аудандық сайлауалды штабының басшысы, "Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлиасқар Бердімұрат ашып, жүргізді.
Алғашқы сөз «Егемен Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті, Саяси Кеңестің мүшесі, "Nur Otan" партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәліге берілді. Ол сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет құрамыз» дегені бәріңізге белгілі. Мен партияның Саяси бюросының мүшесі ретінде ел ішіндегі мәселелерді естимін. «Nur Otan» партиясы соның бәрін шешуге тырысып келеді. Өткен жылы Мақтааралда үлкен апатты жағдай болғанда партияның көмегімен қаншама үйлер салынды. Арыстағы апатты жағдай орын алғанда Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі келді. Біз де осында болдық. Елге деген жанашырлығын, қамқорлығын байқадық. Елдің ауызбіршілігінің арқасында қала қалпына келтірілді. Қысқа уақыттың ішінде алақандай қаланың қалпына келуі мемлекеттің жетістігі. «Nur Otan» нақты істердің партиясы. Кезектен тыс ХХ Съезінде біраз бағдарлама қабылданды. Онда барлығы қамтылған. Пандемия кезінде бәріміз ауырып тұрдық, сол себептен де партия денсаулық саласына қатты көңіл бөлуде. «Егемен Қазақстан» сыни мақалаларды жазып тұрады, соның бәрін партия өз бақылауына алып отырады. Елдің мұң-мұқтажы бойынша нақты жұмыстарды атқарып келеді. Сондықтан бәріңізді нақты істердің партиясына дауыс беруге шақырамын, — деді Дархан Қуандықұлы.
Ордабасы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардың салынуына өз үлесін қосып келе жатқан азамат, "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Бөрте Милка» ЖШС-нің директоры Нұралы Әбішов сөз алып, "Nur Otan" партиясының кәсіпкерлерге көрсетіп жатқан қамқорлығын тілге тиек етті.
Шұбарсу, Бадам ауылының тұрғындары ортаға шығып, өз ойларын жеткізіп, халықтық партия «Nur Otan" партиясына дауыс беретіндерін жеткізді.
— 10-қаңтар Қазақстан халқы үшін тарихи күн. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ордабасы — ел жүрегі, жер кіндігі» деп атап өткендей, Ордабасы әр уақытта бірлік пен ынтымақтың бастауы болған. Сондықтан баршаңызды алдағы сайлау науқанында бір кісідей атсалысып, «Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын, — деп басқосуды аяқтады Әлиасқар Байдуллаұлы.
"Nur Otan" партиясы Ордабасы аудандық филиалы сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Қарақол ауылындағы "Есіктен есікке" акциясы жалғасын табуда..
Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.
Жалпы партия биылғы жылы өзгерген форматта жұмыс жасауда. Соның бірі Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен партияішілік сайлау өткізілді. Одан қалса сайлау науқаны алдындағы үгіт-насихат жұмыстары халықпен кері байланыс, ашық диалог, тікелей эфир, онлайн, офлайн кездесулер, тұрғындарды еш жерге жинамай-ақ, шаңырақтарына барып талап-тілектерін тыңдау, ұсыныстарын жазып алу секілді іс-шараларды жүзеге асыруда.
Мәселен, партияішілік сайлау кезінде еліміз бойынша азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жиналды. Талдауға назар аударар болсақ, қарапайым халықтың талап-тілектерінің көпшілігі жол сапасы, су, газ жүргізу, тұрғын үймен қамту, білім беру нысандарын салу, материалдық базаны жаңарту, ғаламтор жылдамдығын жақсарту секілді мәселелерге қатысты болды. Көтерілген мәселелердің өзектілігі ескеріліп, облыстық, аудандық, қалалық сайлауалды бағдарлама жасалды. Мұнда әр өңірдің тұрғындарының ұсыныстары бойынша 5 жылда атқарылатын жұмыстар қатары енгізілді.
Партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан қызметкерлер өздерін мазалаған сұрақтар бойынша штаб өкілдерімен пікірлесті. «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
Сіздерді еліміздегі ең қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтан өз бағасын алған, қарқынды дамушы мемлекет ретінде танылды. Бұл ретте Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен.
Әлемдегі алпауыт мемлекеттерінің көшбасшыларымен тең дәрежеде іскерлік байланыс орнатылды. Ең ұзын шекарамыз шегенделіп, Қытай және Ресеймен тарихи келісім жасалды. Барлық көршілерімен шекара мәселесін шешіп алған Қазақ елінің қауіпсіздігі нығайды. Мемлекет тұрақты даму жолына түсті.
Сарыарқа төрінде елорданың салынуы мен Түркістан қаласының қайта түлеуі Тәуелсіздіктің ең үлкен жеңістері. Нәтижесінде облыс инвестиция тарту, құрылыс, ауыл шаурашылығы салалары бойынша үздіктер қатарына енді. Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. Міне, бұның бәрі ел бірлігі мен Тәуелсіздіктің толағай табысы.
«Nur Otan» партиясы Тәуелсіздікті тұғырлы ете түсу жолында алдағы 5 жылға арнайы бағдарлама әзірледі. Түркістан облысының барлық-ауқан қалаларының өз бағдарламалары бекітілді. Мақсат – ел несібесін молайту, дамыған елдер қатарына ену. Бұл міндетті бәріміз жұмыла орындаймыз деп сенемін! Ұлттық ұстанымда мемлекеттік мүддеге қызмет етейік. Отбасыларыңызға амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін!
Бейсен Тәжібаев,
"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Қарақол ауылындағы "Есіктен есікке" акциясы..