Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы – нағыз іскерлердің партиясы!

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидаттардың кезекті кездесуі «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының коворкинг орталығында өтті. Спикерлер бұл жолы «Новопэк» ЖШС еңбек ұжымымен жүздесті. Депутаттықтан үміткер ең жас кандидат, облыстық филиалдың «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Сұлтанбек Бекешевтің сайлауалды бағдарламасы жастардың баспанамен және жұмыспен қамтылуы. «Жастардың барлығы дерлік  «7-20-25» немесе «5-10-20» бағдарламасына қатысуға қауқарлы дей алмаймыз, олардың бастапқы жинақтамалары да жоқ.  Бұған дейін «Ақмола жастары» атты мемлекеттік бағдарлама бар еді, соның жеңілдіктерінің арқасында жастар жалдамалы пәтер үшін ай сайын 10 мың теңге ғана төлейтін және қосымша қаржы жинайтын. Бүгінгі таңда үш мыңнан астам жасқа жатақхана қажет. Осы мәселелердің шешілуін «Jas Otan» Жастар қанаты өз қарауына алмақ. Біздің бастамамызбен облыс бойынша коворкинг орталықтары ашылды, онда жастар жиналып «Nur Otan» партиясымен бірге өздерінің мәселелерін шешуге тырысады»,–дейді Сұлтанбек Бекешев. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырып, қайта мамандануына ықпал ететін «Өрлеу» ұлттық орталығының облыстағы филиалының директоры Нина Стукаленко партия құрамына кеш енгеніне өкінетінін жасырмайды. Ол өзінің отыз бес жылдық білім саласындағы өтілінің жиырма бес жылын Ш. Уәлиханов атындағы педагогикалық университетіне арнады. Пандемия уақытында «Өрлеу» орталығы үзіліссіз жұмыс істеді. Облыс педагогтарымен бірлесіп, бес мыңнан астам кәсіби видеосабақтар жүргізілді, бүгінгі күні оны сайт арқылы мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар пайдаланып отыр. Депутаттыққа кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында білімнің сапасын жоғары көтергісі келеді. Партия мүшелері кәсіби шебер мамандар, сондықтан бірге жеңіске жететінімізге сенімдімін дейді ол. Көкшетау қалалық емханасының бас дәрігері Ғалия Сабатаеваның айтуынша, бүгінгі күні емхана 95 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді, ұжымда 800 адам бар. Оның 80% –жас мамандар. Олармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу керек. Бүгінгі таңда медицина мамандары жетіспейді. Сондықтан оларға төленетін әлеуметтік жәрдемақыны көбейту бағытында жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Кірісі жоқ отбасында береке болмайтыны белгілі.  Өз қарамағыңдағы қызметкерлер сапалы жұмыс істесін десең, оның жағдайын түзе, содан кейін талап ет. Бұл мәселелер нағыз халықтың партиясы «Nur Otan» партиясымен әбден мүмкін деді ол өзінің сөзінде. Көкшетау қалалық мәслихатына депутаттыққа кандидат жеке кәсіпкер Айдын Раисов та өз бағдарламасында халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуді бірінші кезекке қояды. Елге келген індет жеке кәсіп иелеріне де оңайға соққан жоқ. Жұмыстары тоқтап қалды. Сол уақытта кәсіп иелерін алдымен қолдаған «Nur Otan» партиясы болды. Өз басынан өткен қиындықтарды және осы саяси ұйымның арқасында тығырықтан қалай шыққанын әңгімелеген жеке кәсіпкер алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдауға шақырды. Сайлаушылардың қойған сауалдарына жауап берген кандидаттар нақты және нәтижелі істің басы-қасынан табылатын саяси ұйымға сенім артуға әбден болады деді.

0
0
186

Тәуелсіздік күніне орай фото – кітап көрмесі өтті

Кітап көрмесінде егеменді еліміздің қалыптасы мен дамуын баяндайтын кітаптар, Тәуелсіздігіміздің мерейлі жылында егеменді Қазақстанды қалыптастырған Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың қызметін жан-жақты ашатын кітаптар мен ғылыми еңбектер, қазақ хандығы тұсындағы тарихи кезеңдерден бастап, тәуелсіз елдің бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектер мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шықққан әдебиет туындылары қойылды.

Көрмені ұйымдастырудағы мақсат – Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін жастарға таныту.

Кітапхана қызметкерлері мереке қарсаңында Мәңгілік елдің жалынды жастарына тәуелсіздік ұғымын кеңінен түсіндіріп, насихаттады.

0
0
129

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жаңаөзен қалалық сүт зауыты қаламызды сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір мекеме. Кездесуде 2020 жылы қиыншылықтар мен кедергілерге толы жыл болғандығын, «Nur Otan» партиясының алдағыда жеті бағытпен жұмыс жасайтындарын атап өткен болатын.

Халық таңдауы бойынша партияға дауыс беру жөнінде үгіт насихатта өздерінің, партияның халық жағдайы үшін талмай еңбектенетіндеріне уәде берді.

Жұмысшылар ойларында мазалап жүрген  көшеның жарықтандыру, тазалық, жол сынды мәселелерді талқылап, тиісті жауаптар беріліп, қала жағдайын жақсартуға өз ұсыныстарымен бөлісті.

Өз кезегінде  жиынға қатысушылар  «Nur Otan»  партиясының  халықтың  әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмысына оң бағаларын беріп, партияны қолдайтындарын  жеткізді.

0
0
133

«Nur Otan» – жұмыла көтерген жүк жеңіл!

«Nur Otan» партиясы атынан Ақмола облыстық және Көкшетау қалалық мәслихаттарына кандидаттар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Халыққа қызмет ету» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен және қарапайым халықпен жүздесті. Олар сайлаушыларды толғандырып жүрген сауалдарға қатысты жауап беріп, назарға алынатын ерекше тұстарын қалта дәптерлеріне түртіп алды. Мәслихат кандидаттарыныі қатарында «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы»ЖШС бас директорының орынбасары Талғат Жүнісов, «Асыл Арман» ЖШС бас директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлер Ассоциациясы Ақмола филиалының директоры Умар Шоназаров, көпсалалы облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Аяғанов, Көкшетау теміржол вокзалы станциясының басшысы Роза Арыстанқызы.  «Раисов А.М.» ЖК директоры Айдын Раисовтар алдағы сайлаудың бір ерекшелігі, мәслихат депутаттарының партиялық тізіммен сайлануы деді. Мұның өзі бұл саяси ұйымның ашықтығын, халыққа жақындығын және халық үшін жұмыс істеп отырғанын көрсетеді. Бүгінгі күні Көкшетау қаласының қаншалықты көркейіп келе жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалып жатыр. Ал, жұмыла көтерген жүк жеңіл екені белгілі. Бұл елге таралған коронавирус пандемиясы кезінде ерекше көрінді. Барлық жұмысты бірлесіп атқарғанның арқасында біз індетті ауыздықтай алдық деді Роза Арыстанқызы.

Бүгінгі күні облыс орталығында жаңа кәсіпорындар ашылып, отандық өнімге сұраныс артып келеді. Биоотын өндіретін ірі зауыттың құрылысы қолға алынды. Жаңа өндіріс орны ашылса, алтын жүзден астам адам жұмыспен қамтылады. Алдағы бес жылда тағы он жеті кәсіпорын салынбақ. «Nur Otan» партиясының арқасында ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаратын инвестициялық трейдерлік компанияларды ығыстырдық. Соның арқасында ауылда жұмыс істейтін жастарға қолдау артты. Әкімшілік кедергілер азайып келеді дейді Умар Шоназаров. Халық денсаулығын жақсарту жолында жергілікті емдеу мекемелерін соңғы үлгідегі техникамен жарақтандыру, күрделі оталар жасау, ана мен бала денсаулығын бақылауға алу жұмыстары жүргізіліп жатыр деді кандидат Ерлан Аяғанов.  Халықпен бірге жасалған істердің нәтижелі болары анық. Биыл ақмолалықтар да, көкшетаулықтар да басымызға қиын іс түскенде, індет таралып, тоқырап қалғанда бірден шешім қабылдап, жалғызбасты қарияларға, тұрмысы төмен отбастарына, әлеуметтік аз қамтылғандарға қол ұшын созды. Соның арқасында ешкім қалыс қалған жоқ. Бұл игі істе еріктілер мен жомарт жандардың сүбелі үлесін ерекше атап өткен жөн.Алдағы уақытта да мұндай шарапаты мол шаралар жалғасын табады деді кандидаттар.

0
0
186

Республикалық штаб мүшелері Арыста 3 кездесу өткізді

"Nur Otan"  партиясының республикалық сайлауалды штабының өкілдері Арыс қаласында кездесулер өткізіп, жұртшылыққа сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Алдымен қалалық мәдениет үйінде жиын өтті.  Республикалық штаб мүшесі,  "Егемен Қазақстан"  газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі партияның нақты істерді жоспарлағанын айтып,  ел бірлігінің маңызды екеніне тоқталды.  Сонымен бірге қалалық ауруханада өткен кездесуде партия тарапынан медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыруға ықпал етілетіні айтылды.

Жалпы Арыстағы кездесулер жоғары деңгейде өтіп,  тұрғындармен еркін диалог орнатылды.

0
0
164

" Nur Otan" партиясының республикалық штаб мүшелері Түркістан қаласында болды

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы, парламент мәжілісінің депутаты Мұхтар Ерман, белгілі сықақшы, журналист Көпен Әмірбек және Түркістан облыстық Мәслихатының депутаты Өмірзақ Мелдеханов бастаған кездесуде "Nur Otan" партиясының мақсаты мен алдағы сайлау науханына дайындық барысы айтылды.

Алғашқы кездесу Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетінің мәдениет үйінде өтті. Жастар мен аға өкілдер арасында ашық әңгіме өтіп, партия мүшелері жастарға ақыл- кеңесін берді. Өз кезегінде белсенді жастар толғандырған сауалдарымен ұсыныстарын жеткізіп, тұшымды жауап алды.

Партия мүшелерінің кезекті үгіт- насихат жұмыстары Түркістан қаласы "Сапар орталығында" жалғасты.

Кездесуге қаламыздағы қоғамдық ұйым төрағалары, соғыс ардагерлері мен желтоқсан оқиғасында болған аға буын өкілдері қатысты. Партия мүшелері өз сөздерінде " Nur Otan" партиясында болатын алдағы сайлауға белсене атсалысу қажеттігін түсіндірді.

Партияның Республикалық штат мүшелері кездесу барысында қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу соңында сөз етілген ұсыныстар мен тілектер қарастырылатыны айтылды.

#ХалықтықПартия

#NurOtan

___________________________________

Члены республиканского штата партии "Nur Otan" председатель комитета по иностранным делам, обороне и безопасности, депутат мажилиса - Мухтар Ерман, известный сатирик и журналист - Копен Амирбек и депутат Туркестанского областного маслихата - Умирзак Мелдеханов посетили город Туркестан с целью  агитации к предстоящей избирательной кампании. Первая встреча прошла в Доме культуры Международного казахско - турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави среди молодежи, а затем в  центре "Сапар" с участием  председателей общественных организаций города, ветеранов войны и представителей старшего поколения, где члены партии разъясняли о необходимости принять активное участие в предстоящих выборах партии «Nur Otan». В ходе встречи члены республиканского штата партии ответили на вопросы участников и обещали что все пожелания и предложения будут рассмотрены.

#НароднаяПартия

#NurOtan

_____________________________

Members of the Republican staff of the Nur Otan party, chairman of the committee on foreign affairs, defense and security, deputy of the majilis - Mukhtar Yerman, well - known satirist and journalist - Kopen Amirbek and deputy of the Turkestan regional maslikhat-Umirzak Meldekhanov visited the city of Turkestan to campaign for the upcoming election campaign. The first meeting was held in the House of culture of the international Kazakh - Turkish University named after Khoja Ahmed Yasawi among young people, and then in the ‘’Sapar’’ center with the participation of the chairmen of public organizations of the city, war veterans and representatives of the older generation, where party members explained the need to take an active part in the upcoming elections of the Nur Otan party. During the meeting, the members of the republican staff of the party answered the questions of the participants and promised that all wishes and suggestions would be considered.

0
0
161