Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Түркістан қаласында патриоттық іс-шара өтті.

Nur Otan” партиясының Түркістан қаласындағы облыстық мәслихат үмiткері Базарбай Мұсабеков және қалалық мәслихат үміткерлері Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Жансерік Жұман мемлекеттік туымызды дәріптеп өтті.

Жиынға қатысушылар 1986 жылы елдің жарқын болашағы үшін күресіп, тағдыр сынына ұшыраған азаматтарды еске алып, ту тұғыр маңына гүл шоқтарын қойды. Бұл шара жастардың патриоттық сезімін оятып, ел үшін аянбай қан төккен жандарға деген құрмет болып табылады.

Сайлау үміткерлері мен "жасотандықтар" жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, елге тыныштық, береке тіледі.

0
0
270

Осы тақырып бойынша

Бүгін ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Түркістан қаласында патриоттық іс-шара өтті. - Yvision.kz