Құрметті түркістандықтар!Ардақты ағайын!
Сіздерді еліміздегі ең қастерлі мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтан өз бағасын алған, қарқынды дамушы мемлекет ретінде танылды. Бұл ретте Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен.
Әлемдегі алпауыт мемлекеттерінің көшбасшыларымен тең дәрежеде іскерлік байланыс орнатылды. Ең ұзын шекарамыз шегенделіп, Қытай және Ресеймен тарихи келісім жасалды. Барлық көршілерімен шекара мәселесін шешіп алған Қазақ елінің қауіпсіздігі нығайды. Мемлекет тұрақты даму жолына түсті.
Сарыарқа төрінде елорданың салынуы мен Түркістан қаласының қайта түлеуі Тәуелсіздіктің ең үлкен жеңістері. Нәтижесінде облыс инвестиция тарту, құрылыс, ауыл шаурашылығы салалары бойынша үздіктер қатарына енді. Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталды. Міне, бұның бәрі ел бірлігі мен Тәуелсіздіктің толағай табысы.
«Nur Otan» партиясы Тәуелсіздікті тұғырлы ете түсу жолында алдағы 5 жылға арнайы бағдарлама әзірледі. Түркістан облысының барлық-ауқан қалаларының өз бағдарламалары бекітілді. Мақсат – ел несібесін молайту, дамыған елдер қатарына ену. Бұл міндетті бәріміз жұмыла орындаймыз деп сенемін! Ұлттық ұстанымда мемлекеттік мүддеге қызмет етейік. Отбасыларыңызға амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін!
Бейсен Тәжібаев,
"Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
