Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Коронавирустан бірге сақтанайық

Құрметті жерлестер!

Өздеріңізге белгілі кенеттен келген вирус расында адамзатқа бұл өмірдегі маңыздылықтарды түсіндіргендей болды.

Біздің үстімізге киіп жүрген киімдер, қолымызға ұстаған ұялы телефон мен темір тұлпар тізгіндеу індетке қарсы тұра алмайтындығын, күнделікті өмірде тазалықтың маңыздылығы мен ағайын-туыстың жақындығын, шын мәнісінде бақыттың мәні — отбасы мен денсаулықта екендігін, адам өмірінің аса қымбат екендігін түсіндіріп берген сыңайлы.

Алайда әлемді жайлаған індеттің еліміздегі қазіргі екінші толқыны біздің қоғамда ұжымдық жауапкершіліктің нашар екенін көрсетіп отыр. Коронавирустан сақтанайық деп сонау наурыз айынан-ақ қанша ескертілсе де, жасыратыны жоқ, барлығымыз бір адамдай карантин талаптарын сақтаған жоқпыз. Осының салдарынан бүгінде коронавирусқа шалдыққан тұрғындардың қатары көбейіп барады. Кесел жасты да, кәріні де таңдап жатырған жоқ.

Сондықтанда қала тұрғындарын сақтық шарасын мейлінше қатаң ұстанып, көпшілік жиналатын жерлерге бармауға шақырамын. Қазір той мен садақа өткізу де аса қауіпті. Коронавирустан бірге сақтанайық. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Жаңаөзен қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Тлектес Болатбаева.

0
0
198

Осы тақырып бойынша

Коронавирустан бірге сақтанайық - Yvision.kz